Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 мамырда № 4147 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Өрлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өрлік ауылдық округінің Өрлік ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) № 10 көшеге – "Алтай Шамшиденов" есімі;

      2) № 12 көшеге – "Ізмұқан Тоғайбеков" есімі;

      3) № 31 көшеге – "Шәріп Сәрсенбаев" есімі;

      4) № 20 көшеге – "Мұқамбет Сәрсенғалиев" есімі;

      5) № 26 көшеге – "Тастан Шманов" есімі;

      6) № 29 көшеге – "Ідіріс Үсенов" есімі;

      7) № 6 тұйық көшеге – "Сапарғали Өтепов" есімі;

      8) № 22 тұйық көшеге – "Нәсіпқали Қобданов" есімі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Нұрмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады