Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 86 "Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзегеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 128 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 8 ақпанда № 4445 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 210 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 28.09.2018 № 210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 86 "Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2271 нөмірімен тіркелген және 2013 жылғы 27 сәуірде "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай өтемақы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.".

      2. "Кентау қалаллық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы К.Беркімбаев
      Қалалық мәслихатының хатшысы Т.Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады