Бәйдібек ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 13 наурыздағы № 70 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 2 сәуірде № 4486 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 469 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 20.12.2020 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2-тармағына және "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тiркелген), сәйкес Бәйдібек ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бәйдібек ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

      2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) Осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Б.Танагөзов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 70 қаулысына қосымша

Бәйдібек ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауыл округінің атауы

Орналасқан орны

1.

Ағыбет ауылдық округі

Ағыбет елді мекені, Рысқұлов көшесінің бойындағы Есіркеп Батыр мектебінің жаны

2.

Ақбастау ауылдық округі

Ақбастау елді мекені, Сейтқазы көшесі және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы

3.

Алғабас ауылдық округі

Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі почта ғимараты жанындағы алаң

4.

Алмалы аулдық округі

Жарықбас елді мекені, "Жарықбас" клуб ғимараты жанындағы алаң

5.

Бөген ауылдық округі

Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесі клуб ғимараты жанындағы алаң

6.

Борлысай ауылдық округі

Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесінің бойы мектептің жаны

7.

Боралдай ауылдық округі

Боралдай елді мекені, № 1 көше

8.

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл елді мекені, Айнақожа көшесі жергілікті полиция ғимаратының алды

9.

Көктерек ауылдық округі

Кеңестөбе елді мекені, Қостөбе көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының жаны

10.

Мыңбұлақ ауылдық округі

Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев көшесінің ескі жем шөп қойма орны

11.

Шаян ауылы

1. Шаян елді мекені, М.Әуезов көшесі және М.Молдағұлова көшелерінің қиылысы.
2. М.Әуезов көшесі және С.Қадырбаев көшелерінің қиылысы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады