Ордабасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 31 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қарашада № 4775 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Ордабасы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлауучаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Ордабасы ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 49 "Ордабасы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген, 2015 жылғы 31 қазандағы "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Ақмұратовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Ғ.Үсенбаев

  Ордабасы ауданы әкімінің
2018 жылғы "08"
қарашадағы № 31 шешіміне
қосымша

Ордабасы ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 21.09.2022 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      №437 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Бадам ауылы, Б.Момышұлы көшесі №27.

      Шекаралары: Бадам ауылы "Орда" мөлтек ауданы, А.Байтұрсынов, Ә.Ақтаев, С.Сейфуллин, Қазыбек би, Ә.Шопақұлы, Абай, Төлеби көшелері, Б.Момышұлы мен Т.Қабылұлы көшелерінің батыс жағы.

      №438 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Бадам ауылы, А.Шерімқұлов көшесі №1.

      Шекаралары: Бадам ауылындағы Қ.Төлеев, М.Ахметов, Б.Мырзабаев, О.Жандосов, М.Әуезов, К.Омаров, Жангельдин, Құрманғазы, А.Шерімқұлов, Т.Рысқұлов, Қ.Мүсірепов, Ембердиев, Алтынсарин, Амангелді, Б.Онтаев, К.Байсеитова, С.Теңлібай, Т.Жананов, Б.Момышұлы, Т.Айбергенов, Ақдала, Достық көшелері және Б.Момышұлы, Т.Қабылұлы көшелерінің шығыс жағы.

      №439 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Бадам ауылы, Қажымұқан көшесі №6.

      Шекаралары: Мамыр ауылы және Бадам ауылы теміржолының оңтүстік жағындағы М.Маметова, Жамбыл, Ш.Уалиханов, Әл-фараби, Ә.Молдағұлова, Қажымұқан, Ш.Айманов пен Ә.Ахметов көшелері.

      №440 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақбұлақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ақбұлақ ауылы, Н.Мақұлбек көшесі.

      Шекаралары: Ақбұлақ, Қарабастау ауылдары.

      №441 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ордабасы" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ордабасы ауылы, Орталық көшесі.

      Шекаралары: Ордабасы ауылы.

      №442 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Бөген ауылы, М.Әуезов көшесі.

      Шекаралары: Бөген, Кемер ауылдары.

      №443 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қайнар ауылы, О.Ешимов көшесі №20.

      Шекаралары: Қайнар ауылы.

      №444 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ұялыжар ауылы, Абай көшесі №5.

      Шекаралары: Ұялыжар ауылы.

      №445 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ынтымақ ауылы, Ордабасы көшесі №5.

      Шекаралары: Ынтымақ, Теспе ауылдары.

      №446 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ықыластемір ауылы, М.Х.Дулати көшесі.

      Шекаралары: Ықыластемір ауылы.

      №447 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жамбыл ауылы, Қалау-Датқа көшесі.

      Шекаралары: Таздар, Жамбыл, Бірлік ауылдары.

      №448 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қалаш" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қалаш ауылы, Қалаш көшесі.

      Шекаралары: Қалаш ауылы.

      №449 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жеңіс ауылы, Жәнібеков көшесі №33.

      Шекаралары: Жеңіс және Дихан ауылдары.

      №450 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қарақұм" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарақұм ауылы, А.Байтұрсынов көшесі №4.

      Шекаралары: Қарақұм ауылы.

      №451 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Н.Нысанбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көктөбе ауылы, Мүтәлі көшесі №2.

      Шекаралары: Көктөбе, Қызылсеңгір және Боралдай ауылдары.

      №452 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қажымұқан ауылы, Ж.Ақмұратов көшесі №1.

      Шекаралары: Қажымұқан ауылы.

      №453 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "К.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ынталы ауылы, Малдыбай көшесі №152.

      Шекаралары: Ынталы ауылы.

      №454 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Амангелді ауылы, Отан көшесі №1/1.

      Шекаралары: Амангелді ауылы.

      №455 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ордабасы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Темірлан ауылы, Қажымұхан көшесі № 219.

      Шекаралары: Темірлан ауылы Қажымұқан көшесінің жұп жағы №190 үйден бастап №342 үйге дейін. Тақ жағы №189 үйден бастап №311 үйге дейін. Абай көшесі №9 үйден бастап №79 үйге дейін. Т.Рысқұлов, Оразбаев, Молдашимов, С.Әбдіқадіров, Мұртазаев көшелері.

      №456 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темірлан ауылы, Р.Әзімбаев көшесі №18.

      Шекаралары: Темірлан ауылының Азимбаев, Құрманғазы, Құдайбердиев, Байтұрсынов, Молдағұлова, Бөгенбай батыр, Наурызбай, Кенесары, Аманкелді көшелері мен ПМК мөлтек ауданы.

      №457 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Темірлан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темірлан ауылы, Қажымұхан көшесі №77/2.

      Шекаралары: Темірлан ауылы Қажымұқан көшесінің №1 үйден бастап 188 үйге дейінгі үйлер, Байжанов, Мүсірепов, Қабанбай батыр, Н.Нысанбаев, Майлықожа, Аманжолов, Ынтымақ, Құртай, Б.Момышұлы, Кенжебаев, Ақтөбе, Домалақ ана, И.Тлеубергенов, Ө.Тұрманжанов, Бәйдібек би, С.Сағымбекұлы көшелері.

      №458 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темірлан ауылы, Ж.Сүйіндікұлы көшесі № 27/1.

      Шекаралары: Темірлан ауылы Қажымұқан көшесінің жұп жағы №344 үйден бастап №464 үйге дейін. Тақ жағы №313 үйден бастап №391 үйге дейін, Абай көшесі №81 үйден №121 үйге дейін, М.Мақатаев, Сәтбаев, Жәнібеков, Жансүгіров, Айбергенов, Майлин және Ж.Сүйіндікұлы көшелері.

      №459 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Амангелді атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темірлан ауылы, Жепаев көшесі №1.

      Шекаралары: Темірлан ауылының Жепаев, Черемушка, М.Әуезов, Абылайхан, Қазыбек би, Ш.Қалдаяқов, Нұрмаханов, Тұрмағамбетов, Қожабаев, Нұғманов, Сарбасов, Мамедова, Бекназаров, Кегенбаев, Ақшуақ, К.Омаров, С.Сейфуллин, А.Мұсаев және Абассов көшелері.

      №460 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Сатбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Мәдениет ауылы, Сатбаев көшесі №25.

      Шекаралары: Ақпан, Мәдениет, Ынтымақ және Жұлдыз ауылдары.

      №461 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ақжол ауылы, О.Күдірбек көшесі №6.

      Шекаралары: Жаңатұрмыс, Сарыарық және Ақжол ауылдары.

      №462 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мақташы" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Мақташы ауылы, С.Адамбеков көшесі №48.

      Шекаралары: Бейсен, Мақташы ауылдары.

      №463 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қараспан ауылы, Бимырза көшесі №79.

      Шекаралары: Қараспан ауылы.

      №464 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Таукехан атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Төреарық ауылы, Т.Сакенов көшесі № 2.

      Шекаралары: Төреарық ауылы.

      №465 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көлтоған ауылы, М.Маметова көшесі №21.

      Шекаралары: Көлтоған ауылы.

      №466 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Берген ауылы, Темірлан көшесі №10.

      Шекаралары: Берген ауылы.

      №467 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Батырата ауылы, Насыр-Али көшесі №112.

      Шекаралары: Батырата ауылы.

      №468 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төрткүл" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Төрткүл ауылы, Қонаев көшесі №5.

      Шекаралары: Төрткүл ауылы Д.Қонаев көшесінің шығыс жағы, Спатаев, Әуезов, Төлеби, Тоқтаров, Мұратбаев, Молдағұлова, Көлбай, Алтынсарин, Әл-Фараби, Сәтбаев Қасымбек, Кенесары, Қажымұқан, Құрманбек, Жолдас Молда, Ү.Өмірбайұлы, К.Омаров, Ж.Отызбай, Ж.Едіге, Сағынбек-Ата, П.Аманқұл, Астана, М.Мақатаев, Арнасай, Айжарық, Бөкейхан, Абылайхан, Қарақұм, Сумұнарасы, Шаян, Ж.Жабаев, Т.Әубәкіров, Ақбұлақ, А.Әбдіраманұлы, Жібек жолы көшелері және Ақсары ауылы.

      №469 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қызылжар" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қызылжар ауылы, Б.Тоқберген көшесі.

      Шекаралары: Қызылжар ауылы.

      №470 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Спатаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Спатаев ауылы, А.Қалымбет көшесі № 44.

      Шекаралары: Спатаев ауылы.

      №471 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төрткүл төбе" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Елшібек батыр ауылы. Ж.Адырбеков көшесі №15.

      Шекаралары: Елшібек батыр ауылы.

      №472 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Еңбекші ауылы, Жұмабаев көшесі №1.

      Шекаралары: Көкарал, Еңбекші, Жайылма ауылдары.

      №473 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Көкарал" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Төрткүл ауылы, М.Әуезов көшесі № 38.

      Шекаралары: Төрткөл ауылы Д.Қонаев, М.Әуезов көшелерінің батыс жағы, Қонаев көшесімен қиылысқан Төле би, Спатаев көшелерінің батыс жағы, Әуезов көшесімен қиылысқан Аяп, Ерубаев, Уалиханов көшелерінің батыс жағы, Абай, Құлмахан, Бейбітшілік, Мұғалімдер, Жұмабаев, Түркістан, Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Амангелді, Б.Момышұлы, Жұлдызай, Қазыбек би, А.Назарбеков, Байтасов, Рыскұлов, Мырзакент, Омарбеков, Тәуелсіздік, Ақберді көшелері.

      №474 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бөген" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Арыстанды ауылы, Әл-фараби көшесі №27.

      Шекаралары: Арыстанды, Нұра ауылдары.

      №475 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жусансай" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жусансай ауылы, О.Үсенұлы көшесі № 6.

      Шекаралары: Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай ауылдары.

      №476 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№18-колледж" коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесінің ғимараты, Шұбар ауылы, О.Жандосов көшесі №8.

      Шекаралары: Шұбар ауылының Райымбек батыр көшесінің сол жағы. Д.Қонаев, Арыс, Т.Аубакиров, І.Жансүгіров, Ә.Молдағұлова, Төле би, Әйтеке би, О.Жандосов, Т.Рысқұлов, Қ.Сатпаев, Райымбек батыр көшелерінің жұп жағы. Береке ауылы. Қозыке Датқа көшесінің жұп жағы.

      №477 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Шұбар" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбар ауылы, Қазақстан көшесі № 59.

      Шекаралары: Шұбар ауылындағы Райымбек батыр көшесінің оң жағы. Райымбек батыр көшесінің тақ жағы №1 үйден бастап №51 үйге дейін. Қозыке Датқа көшесінің тақ жағы. Ғ.Мұратбаев, Ш.Уалиханов, С.Смайлов, А.Жамалов, Ақан сері, Қазыбек би, М.Ортай, С.Сейфулин, Қ.Аманжолов, Д.Ерімбетов, Әл-Фараби, Қ.Сағырбаев, Қазақстан, С.Ерубаев, Исаханов, Абылайхан, С.Рахимов, Майқы би, Диірмен, Ж.Жабаев, Қ.Оспанов, Ш.Қалдаяков, Б.Момышұлы, К.Бектұрсынұлы, М.Әуезов көшелері.

      №478 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Тоқсансай" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тоқсансай ауылы, Қажымұқан көшесі №88/1.

      Шекаралары: Тоқсансай ауылы.

      №479 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Агросад-3 алабы.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Спутник", "Юбилейный", "Маяк", "Проект", "Орбита", "Жазира", "Агросад-3", "Шымкентсройсбыт", "Достық", "Авиатор" алабтары.

      №480 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Геолог", "Геолог-2", "Энергетик-2", "Рауан", "ТЭЦ-3", "Дружба", "Романтик-1", "Надежда", "Болашақ", "Төлеби", "Нефтехимик-2", "Найман", "Куаныш-1", "Куаныш-2", "Куаныш-3" алабтары.

      №481 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ынтымақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Арман-3 алабы.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Транспортник", "Арман-1", "Арман-2", "Арман-3", "Аккорд", "Қорғасын-1", "Қорғасын-2", "Қорғасын-3", "Вишенка", "Ремонтник" алабтары.

      №482 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Атамекен" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Атамекен алабы Н.Торекулов көшесі.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Найман-2", "Мелиаратор", "Асар", "Шымкентпромстрой-2", "Связист ТУСМ", "Атамекен" алабтары.

      №483 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Достық" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі №33/82.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Энергетик-Пилот", "Яблонка", "Земляне", "Индустрия", "Жаңа-1", "Жаңа-2", "Жаңа-3", "Ақжол", "Ромашка", "Береке", "Связист-ОПТУС" алабтары.

      №484 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Массив Агросад-3.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Химик", "Нефтехимик-1", "Наурыз", "Агросад-2", "Домостроитель", "Агросад-1", "Подснежник", "Грузовик" алабтары.

      №485 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Парасат" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Арал-Эко алабы.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Машиностроитель-1,кв3", "Атомобилист-1", "Атомобилист-2", "Арал-Эко", "Арал-2", "Бекас", "Фазенда", "Асылбақ-1", "Асылбақ-2", "Асылбақ-3", "Весна", "Жанат", "Прометей-Восход", "Аукцион", "Шымкентпромстрой-2", "Строитель", "Дачник", "Цементник" алабтары.

      № 915 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі.

      Шекаралары: Шұбарсу ауылындағы "Энергетик-1", "Энергетик-3", "Үшқұдық", "Подснежник", "Виктория" алабтары.

      № 916 сайлау учаскесі

      Орталығы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дербес ауылы, Б.Тұрдалиев көшесі.

      Шекаралары: Дербес ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады