Отырар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/125-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 12 сәуірде № 4522 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" қағидаларының 4-тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген және аудан әкімінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 1790 мәлімдемесіне сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.

      2. "Отырар аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Мырзатай
      Отырар аудандық
      мәслихатының хатшысы М.Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады