Майлыкент ауылдық округіндегі атаусыз көшелер мен саябаққа атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 15 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 1 ақпанда № 4435 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 22 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Майлыкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Майлыкент ауылдық округіндегі атаусыз көшелер мен саябаққа келесі атаулар берілсін:

      1) Майлыкент ауылдық округіндегі, Жанкент шағынауданындағы атаусыз көшеге Астана атауы;

      2) Майлыкент ауылдық округіндегі, Жанкент шағынауданындағы атаусыз көшеге Мәңгілік ел атауы;

      3) Майлыкент ауылдық округіндегі, Жанкент шағынауданындағы атаусыз көшеге Құланды атауы;

      4) Майлыкент ауылдық округіндегі, Жанкент шағынауданындағы атаусыз көшеге Шұбайқызыл атауы;

      5) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Тәуелсіздік атауы;

      6) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Ұлы дала атауы;

      7) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Ұлы Жеңіс атауы;

      8) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Жерұйық атауы;

      9) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Желтоқсан атауы;

      10) Майлыкент ауылдық округіндегі, Телевышка шағынауданындағы атаусыз көшеге Көкжазық атауы;

      11) Майлыкент ауылдық округіндегі, Нұршуақ шағынауданындағы атаусыз көшеге Самал атауы;

      12) Майлыкент ауылдық округіндегі, Нұршуақ шағынауданындағы атаусыз көшеге Алмакент атауы;

      13) Майлыкент ауылдық округіндегі, Жанкент шағынауданындағы атаусыз саябаққа Тұңғыш Президент саябағы атау берілсін.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Мусралиевке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К.Жартыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады