Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 94 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/226-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 5633 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 17-8 шешімі мен Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 234 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
      Андреевка ауылдық округінің Петроградское ауылы, Белағаш ауылдық округінің Өмірзақ ауылы, Құнарлы ауылдық округінің Мурзово ауылы, Алексеевка ауылы, Ново-Васильевка ауылы, Петропавловка ауылдық округінің Воскресеновка ауылы, Степной ауылдық округінің Троицкое ауылы, Таврия ауылдық округінің Кондратьевка ауылы, Богомолово ауылы, Новошульба ауылдық округінің Потапенково ауылы, Ключики ауылы, Красный Яр ауылдық округінің Девятка ауылы.
      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
      Петроградское қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Андреевка ауылдық округінің Михайличенково ауылының құрамына;
      Умурзак қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Белағаш ауылдық округінің Зенковка ауылының құрамына;
      Мурзово қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құнарлы ауылдық округінің Песчанка ауылының құрамына;
      Алексеевка қонысы, Ново-Васильевка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құнарлы ауылдық округінің 2 Пятилетка ауылының құрамына;
      Воскресеновка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылының құрамына;
      Троицкое қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Степной ауылдық округінің Шелехово ауылының құрамына;
      Кондратьевка қонысы, Богомолово қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Таврия ауылдық округінің Буркотово ауылының құрамына;
      Потапенково қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Новошульба ауылдық округінің Новая Шульба ауылының құрамына;
      Ключики қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Новошульба ауылдық округінің Солоновка ауылының құрамына;
      Девятка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Красный Яр ауылдық округінің Уба-Форпост ауылының құрамына енгізілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк
      Облыс әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады