Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы № 05-068 есеп кварталындағы "Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскелерінің тұстамасындағы Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені, Левая Убинка өзені және атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 361 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5711 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы № 05-068 есеп кварталындағы "Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскелерінің тұстамасындағы Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені, Левая Убинка өзені және атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы № 05-068 есеп кварталындағы "Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскелерінің тұстамасындағы Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені, Левая Убинка өзені және атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы
      ______________ Қ. Баймағамбетов

      2018 жылғы "05" желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2018 жылғы "07" желтоқсан

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы "12"
желтоқсандағы
№ 361 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы № 05-068 есеп кварталындағы "Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскелерінің тұстамасындағы Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені, Левая Убинка өзені және атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Атауы жоқ бұлақтарды есепке алғанда Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені 05-068-006 ( (Александровка ауылы), 05-068-007 есеп кварталының (бұрынғы "Ильичевское" Ауыл шаруашылық кооперативі) ауданы 500 га жер телімі шекарасының тұстамасында)

31,094

3131,8082

105-500

105,082

442,1244

35

Атауы жоқ бұлақтар (бұрынғы ("Заря Коммунизма" Ұжымшары) 05-068-052 есеп кварталының ауданы 30 га жер телімі шекарасының тұстамасында)

6,024

274,255

195-500

7,889

35,4325

35

Атауы жоқ бұлақтарды есепке алғанда Левая Убинка өзені (бұрынғы ("Заря Коммунизма" Ұжымшары) 05-068-052 есеп кварталының ауданы 70 га жер телімі шекарасының тұстамасында)

9,14

291,7714

145-500

11,876

46,1318

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады