Абай ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 185 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 қарашада № 5-5-160 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 34 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5480 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде 2018 жылғы 16 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Б.Тәттібековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Байсабыров

  Абай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы " 19 " қарашадағы
№ 185 қаулысына қосымша

2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

     

Ұйым атауы

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

соның ішінде:

соның ішінде:

толық күн

жарты күн

толық күн

жарты күн

1

"Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

240

240


26697


3 жасқа дейін – 5500 3-6 жас аралығында - 6000

2

"Балдәурен ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

140

140


31965


3 жасқа дейін – 5000 3-6 жас аралығында - 5500

3

"Балауса ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50

50


26697


3 жасқа дейін – 3000 3-6 жас аралығында - 3500

4

"Балбөбек ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50

50


29390


3 жасқа дейін – 3000 3-6 жас аралығында - 3500

5

"Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50 

50 


12595


3 жасқа дейін – 5500 3-6 жас аралығында - 6000

6

"Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

61


12183


3 жасқа дейін -3500 3-6 жас аралығында - 4000

7

"Ш.Әбенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

64


6004


3 жасқа дейін – 4500 3-6 жас аралығында - 5000

8

"С.Бекбосынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

36

36


8264


3 жасқа дейін – 5500 3-6 жас аралығында - 6000

9

"Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

34

34


8020


3 жасқа дейін-4500 3-6 жас аралығында-5000

10

"Шакерім атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

25


4997


3 жасқа дейін – 4100 3-6 жас аралығында - 4600

11

"Көкбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

34

34


8020


3 жасқа дейін – 1500 3-6 жас аралығында - 2000

12

"Мамай атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14

14


8000


3 жасқа дейін-4780 3-6 жас аралығында -5280

13

"Медеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

15


13161


3 жасқа дейін – 5500 3-6 жас аралығында - 6000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады