Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 185 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 шілдеде № 5-10-146 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 13.02.2019 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13285 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жарма ауданының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Муратовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов
      Келісілді:
      Жарма ауданы бойынша кірістер
      басқармасының басшысы Н. Слямов
      "27" маусым 2018 жыл

  Жарма ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "27" маусымдағы
№ 185 қаулысына қосымша

Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфиценті

    №

Елді мекендердің атауы

Есептеу аймақтарға бөлу коэфиценті

1

Шар қаласы

1,8

2

Ақжал ауылы

1,0

3

Жаңаөзен ауылы

1,4

4

Аршалы ауылы

1,2

5

Жарықтас ауылы

0,5

6

Әуезов кенті

1,7

7

Солнечное ауылы

0,9

8

8-Марта ауылы

1,0

9

Балықтыкөл ауылы

1,0

10

Белтерек ауылы

1,1

11

Бірлік ауылы

1,4

12

Шымылдық ауылы

0,9

13

Сұлусары ауылы

1,1

14

Салқынтөбе ауылы

1,0

15

Қаражал ауылы

1,0

16

Үкілі ауылы

0,8

17

Қалбатау ауылы

1,95

18

Қапай батыр ауылы

1,2

19

Ортабұлақ ауылы

0,5

20

Жанғызтөбе кенті

1,6

21

10-шы разъезд

0,8

22

Шуақ ауылы

1,3

23

Жарма кенті

1,5

24

Қарақойтас ауылы

0,5

25

Жарық ауылы

1,07

26

Малай ауылы

1,03

27

Қапанбұлақ ауылы

1,13

28

Балықтыкөл ауылы

1,16

29

Егінбұлақ ауылы

1,06

30

Қызылжұлдыз ауылы

1,06

31

Қапанбұлақ станциясы

0,95

32

Кіші Қарасу ауылы

1,4

33

Қонырбиік ауылы

1,25

34

Асқаралы ауылы

1,25

35

Қаратөбе ауылы

1,3

36

Әди ауылы

1,3

37

Кентарлау ауылы

1,3

38

Қарасу ауылы

0,85

39

Қызылағаш ауылы

1,2

40

Суықбұлақ ауылы

1,5

41

Терістаңбалы ауылы

1,0

42

Ұзынжал ауылы

1,1

43

Жайма ауылы

1,2

44

Дельбегетей станциясы

0,85

45

Үшбиік ауылы

1,45

46

Жаңаауыл ауылы

0,85

47

Шалабай ауылы

1,55

48

Кезенсу ауылы

1,25

49

Көшек ауылы

0,85

50

Суырлы станциясы

0,85

51

Сарыарқа ауылы

0,85

Итого

57,76


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады