Катонқарағай ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 307 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 шілдеде № 5-13-145 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық акті туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 168 "Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5034 тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2017 жылғы 26 шілдедегі № 261 "Катонқарағай ауданы бойынша 2017 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Байгунусовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады