Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір құрамдас бөліктеріне қайта атау беру және атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 қарашада № 5405 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зачаган кенті халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, кент әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Орал қаласы Зачаган кентінің келесі құрамдас бөліктеріне қайта атаулар берілсін:

      "Ауыл ученых" шағын ауданы – "Ғалымдар" шағын ауданы;

      "1-ші линейная" көшесін – "Қаламқас Орашева" көшесі;

      "2-ші линейная" көшесін – "Сағынғали Сейітов" көшесі;

      "4-ші линейная" көшесін – "Серікқали Шарабасов" көшесі;

      "Аксайская" көшесін – "Ақсай" көшесі;

      "Алгабаская" көшесін – "Алғабас" көшесі;

      "Береговая" көшесін – "Саялы" көшесі;

      "Пятимарская" көшесін – "Сабыр Рахимов" көшесі;

      "Энтузиастов" көшесін – "Талғат Бигельдинов" көшесі;

      "Бывшая воинская часть" көшесін – "Жуалы" көшесі;

      "Южная" көшесін – "Есет Әзербаев" көшесі;

      "Цветочная" көшесін – "Гүлзар" көшесі;

      "Владимирская" көшесін – "Сәкен Ғұмаров" көшесі;

      "Военный городок" көшесін – "Мейірім" көшесі;

      "Военный городок 2" көшесін – "Лашын" көшесі;

      "Горбачева" көшесін – "Тұмар" көшесі;

      "Чаганная" көшесін – "Шапағат" көшесі;

      "Зачаганная" көшесін – "Балдырған" көшесі;

      "Зеленовская" көшесін – "Көктерек" көшесі;

      "Иппадромная" көшесін – "Қазығұрт" көшесі;

      "Киевская" көшесін – "Сағадат Нұрмағамбетов" көшесі;

      "Новокирпичная көшесін – "Көкжар" көшесі;

      "Пойменная" көшесін – "Ақсу" көшесі;

      "Пригородная" көшесін – "Шамшырақ" көшесі;

      "Промбаза" көшесін –"Қазына" көшесі;

      "Промзона" көшесін – "Қайнар" көшесі;

      "Самарская" көшесін – "Отаралы Бүркітов" көшесі;

      "Свободная" көшесін – "Бостандық" көшесі;

      "Солидарности" көшесін – "Бірлік" көшесі;

      "Солнечная" көшесін – "Күншуақ" көшесі;

      "Талдысайская" көшесін – "Талдысай" көшесі;

      "Темиртауская" көшесін – "Теміртау" көшесі;

      "Узеньская" көшесін – "Өзен" көшесі;

      "Широкая" көшесін – "Байтақ" көшесі;

      "Целинная" көшесін – "Әбілхан Қастеев" көшесі.

      2.Орал қаласы Зачаган кентінің келесі көшелеріне атаулар берілсін:

      "Балауса" шағын ауданының "№7" жобалық көшесін – "Дулат Бабатайұлы" көшесі;

      "Болашақ" шағын ауданының "№18" жобалық көшесін – "Сәйгүлік" көшесі.

      3.Зачаган кенті әкімінің орынбасары (Н.Мухитов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4.Осы шешімнің орындалуын бақылауды кент әкімінің орынбасары Н.Мухитовқа жүктелсін.

      5.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі А.Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады