Орал қаласы Желаев ауылдық округіндегі кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 5468 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Желаев ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облысы жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 24 тамыздағы қорытындысы негізінде, Желаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласы Желаев ауылдық округінің келесі көшелеріне қайта атаулар берілсін:

      Агрегатная көшесі - Бірлік көшесі;

      Трудовая көшесі – Еңбекші көшесі;

      Кленовая көшесі- Көктем көшесі;

      Железнодорожная көшесі - Теміржолшылар көшесі;

      Озерная көшесі - Айдын көшесі;

      Курганная көшесі - Қорған көшесі;

      1-Вербовая көшесі - Жайық көшесі;

      2-Вербовая көшесі - Медеу көшесі;

      3-Вербовая көшесі - Алакөл көшесі;

      4-Вербовая көшесі - Арна көшесі;

      Шоссейная көшесі – Самұрық көшесі.

      2. Желаев ауылдық округі әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысына (Н.Багискалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Желаев ауылдық округі әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы Н.Багискалиевке жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Желаев ауылдық округінің әкімі Т.Ашигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады