Ақжайық ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 18-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 сәуірде № 5182 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 47-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 19.05.2020 № 47-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 32-3 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4146 тіркелген, 2015 жылғы 25 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.А.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О.Иманғалиев
      Мәслихат хатшысы С.Сиражев

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Акжаикскому району

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16 апреля 2018 года № 18-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 апреля 2018 года № 5182. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19 мая 2020 года № 47-3

      Сноска. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.05.2020 № 47-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законами Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в десять раз в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу решение Акжаикского районного маслихата от 10 ноября 2015 года № 32-3 "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4146, опубликованное 25 ноября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Руководителю организационного отдела аппарата районного маслихата (Т.А.Горбунова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии О.Имангалиев
      Секретарь маслихата С.Сиражев