Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5421 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөрлі ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

      №81 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№81 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданының № 2, № 3, № 4, № 7, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 15, № 16/1, № 28, № 29 тұрғын үйлері, № 16, № 17 жеке тұрғын үйлері, Абай даңғылындағы № 29 үйден № 45/1 үйге дейін үйлері, Қарашығанақ -1 ықшам аудандағы тұрғын үйлері.";

      №87 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 87 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі 161, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Ақсай қаласы, қаланың ескі құрылыс салудың оңтүстік жағындағы шығыс бөлігі (теміржол желісі бойымен) Абай даңғылының № 8/2А – 40 (жұп жағы) үйлері; Кооперативная көшесінің № 1-14 (тақ жағы) үйлері, Элеваторная көшесінің № 1 - 14 үйлері, Линейная көшесінің № 35 - 53 (тақ жағы), № 56 - 102 (жұп жағы) үйлері, Советская көшесінің № 103 - 205 (тақ жағы), № 74 - 146 (жұп жағы) үйлері, Железнодорожная көшесінің № 39 - 119 (тақ жағы), № 92 - 116 (жұп жағы) үйлері, Первомайская көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 60 (жұп жағы) үйлері, Кооперативная көшесінің № 1 - 9 үйлері, Октябрьская көшесінің № 47 - 121 (тақ жағы), № 46 - 124 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 3(3), 3/15 а, 4, 6, 8/1, 8/2, 79, 83 үйлері, Утвинская көшесінің № 27 - 72/2 (тақ жағы), № 20 - 66 (жұп жағы) үйлері, Чингирлауская көшесінің № 39 - 129 (тақ жағы), № 44 - 128 (жұп жағы) үйлері, Чапаев көшесінің № 9 - 81(тақ жағы), № 42 - 114 (жұп жағы) үйлері, Цвилинг көшесінің № 99 - 165 (тақ жағы), № 92 - 156 (жұп жағы) үйлері, М. Мәметова көшесінің № 1 - 67 (тақ жағы), № 2 - 64 (жұп жағы) үйлері, Тихоненко көшесінің № 85 - 175 (тақ жағы), № 74 - 148 (жұп жағы) үйлері, Бурлинская көшесінің № 1 - 13 (тақ жағы) үйлері, 1 ықшам ауданының № 1 - 16 үйлері.";

      № 91 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 91 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызылтал ауылы, Ақсай көшесі, 34 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

      Шекарасы: Қызылтал ауылы, Акселен көшесінің № 1 - 63 (тақ жағы), № 2 - 60 (жұп жағы) тұрғын үйлері, Ақсай, Ақсуат, Аққұм, Ақбулак, Ақжайық, Бейбітшілік, Бота, Бақтыбаева, Жеңіс, Желтоқсан, Жаңа, Сайқұдық, Сырым, Самал, Школьная, Наурыз, Тереңсай, Шалқар, Шыңғырлау, Қызылтал, Строительная 2, Строительная 3 көшелері.";

      № 92 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 92 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарашығанақ" спорт кешені" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Акселен көшесінің № 62 - 156 (тақ жағы), № 65 - 155 (жұп жағы) тұрғын үйлері, Мирогородская, Солтүстік, Акжайык, Строительная 1, Строительная 4 көшелері, 13 ықшам ауданы, Сулусай разъезді.";

      №104 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 104 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Аралтал ауылы, Ақжол көшесі, 11 үй, "Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Аралтал ауылы.".

      2. № 97 сайлау учаскесі таратылсын.

      3. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Агедиловке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Әлиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж .Каналин
21 қараша 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады