Зеленов ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 18 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 5341 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Железнов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Железнов ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылындағы "Арычная" көшесін "Жайсан" көшесі, "Набережная" көшесін "Жағалау" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Сатваева) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железнов ауылдық округ әкімі А.Иманкулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады