Казталов ауданы Казталов ауылдық округі Казталов ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 38 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 5085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Казталов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының жылдың қорытындысы негізінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы Казталов ауылдық округі Казталов ауылындағы атаусыз көшелерге мынадай атаулар берілсін:

      "№1" көшесін - Әлихан Бөкейханов көшесі;

      "№4" көшесін - Мәңгілік Ел көшесі;

      "№5" көшесін – Астана көшесі.

      2. Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Зарифов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казталов ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
Ж.Шакуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады