Сырым ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 191 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 маусымда № 5264 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 17.09.2019 № 226 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырым ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 196 "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4464 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Турегалиев

  Сырым ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 маусымдағы
№191 қаулысына
қосымша

Сырым ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ата-ананың 1 айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан 6 (7) жасқа дейін

Балабақша (республикалық бюджет)

Бұлдырты ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің "Айналайын балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

19237

8000

8500

Балабақша (жергілікті бюджет)

Жымпиты ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің "Балдырған балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

35094

8500

9000

Шағырлой ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

17072

8000

8500

Алғабас ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

18928

8000

8500

Бұлан ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

21300

8000

8500

Жымпиты ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

14783

8000

8500

Қоңыр ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

19304

8000

8500

Қособа ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

18420

8000

8500

Қосарал ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

21597

8000

8500

Талдыбұлақ ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп - балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

19044

8000

8500

Тасқұдық ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Тасқұдық негізгі мектеп - балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

26091

8000

8500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады