Сырым ауданы Сарой ауылдық округі Шағырлой ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарой ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 қазанда № 5381 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шағырлой ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Сарой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округі Шағырлой ауылының "Коминтерн" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Сарой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Сельбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырым ауданы Сарой
ауылдық округінің әкімі
А.Жакиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады