Теректі ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының кейбір көше атауларын қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 73 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 5494 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Федоровка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы, Федоровка ауылдық округі, Федоровка ауылының кейбір көше атауларын өзгерту:

      Горького көшесін - Максим Горький көшесі;

      Шевченко көшесін - Тарас Шевченко көшесі;

      Абая көшесін - Абай көшесі;

      Бойнова көшесін - Григорий Бойнов көшесі;

      Пушкина көшесін- А.С. Пушкин көшесі;

      Зрелова көшесін - Иван Зрелов көшесі;

      Айтиева көшесін- Әбдірахман Әйтиев көшесі;

      50 лет Пионерии көшесін - Жеңіс көшесі;

      Инкубаторная көшесін - Шағала көшесі;

      Мирная көшесін - Береке көшесі;

      Советская көшесін - Ынтымақ көшесі;

      Трасса Уральск-Аксай көшесін - Ақжол көшесі;

      Тракторная көшесін - Ұлытау көшесі;

      8 Марта көшесін - 8 Наурыз көшесі;

      Автомобильная көшесін - Келешек көшесі;

      Больничный переулок көшесін - Бостандық көшесі;

      ДЭУ№523 көшесін - Бастау көшесі;

      Колхозная көшесін - Таңшолпан көшесі;

      Межколхозная көшесін - Жайық көшесі;

      Молодежная көшесін - Жастар көшесі;

      Набережная көшесін - Жағалау көшесі;

      Октябрьская көшесін - Нарын көшесі;

      ПМК көшесін - Қуаныш көшесі;

      Полевая көшесін - Жігер көшесі;

      Прудовая көшесін - Ақбулақ көшесі;

      Рабочая көшесін - Жұмысшылар көшесі;

      Речная көшесін - Мейрам көшесі;

      Северная көшесін - Солтүстік көшесі;

      Степная көшесін - Балдәурен көшесі;

      Трудовая көшесін - Желтоқсан көшесі;

      Целинная көшесін- Атамекен көшесі;

      Центральная көшесін - Орталық көшесі;

      Юбилейная көшесін - Сұнқар көшесі;

      Школьная көшесін - Көкжиек көшесі.

      2. Теректі ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының келесі көшелеріне атау берілсін:

      1К көшесін - Сайрам көшесі;

      41 көшесін - Алтын күн көшесі;

      41/1 көшесін - Керемет көшесі.

      3. Федоровка ауылдық округі әкімі аппаратының әкім көмекшісі (К.К. Жумакаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоровка ауылдық округінің әкімі Б.Тлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады