"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 18166 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 363 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.08.2020 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (Садықов Е.Т.) заңнамада белгіленген тәртіпте келесіні қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 8 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
қосымша

"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны беру – 1 (бір) жұмыс күн;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру немесе осы стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық түрде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін беріледі.

      8. Порталдың жұмыс істеу мерзімі – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

      егер мұндай қызмет түрі оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның бар екендігі туралы мәлімет;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;

      10. Көрсетілетін қызметті көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      3) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;

      6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы;

      8) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      9) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;

      10) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);

      11) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 11 кіреберіс, телефон: 8(7172) 74-24-62, 74-24-54 мекенжайына Министрліктің басшысы атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда аты-жөні, тегі, пошталық адрес, шығыс нөмірі мен күні көрсетіп, шағымға қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы өзі келген жағдайда кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі белгіленген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген құжат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы 1414 бірыңғай байланыс-орталығының телефондары арқылы алады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қарауы барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің – www.sc.edu.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі интернет-ресурсында орналасқан;

      13. Көрсетілетін қызметті алушы оның ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электронды түрде ала алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің телефондары: 8 (7172) 74-24-62, 74-54-64, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Минералогия, палеонтология,
қазба жануарлардың сүйектері
бойынша коллекциялық
материалдардың экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беруге өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны|

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

  "Минералогия, палеонтология,
қазба жануарлардың сүйектері
бойынша коллекциялық
материалдардың экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

№ р/с

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар *

Ескертпе

1

2

3

4

Тауарлар экспорты кезінде **

1

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі


2

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесінің (мәліметтерінің) болуы

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі (мәлімет)


3

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі немесе лицензияланған қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер


4

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растау

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері


      * ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялау" www.elіcense.kz веб-порталы арқылы ұсынған кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      ** Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілетін;

      *** мұндай құжатқа өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады