"Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 13 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қаңтарда № 18240 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өрескел бұзушылық – Заңда белгіленген турагенттің, гидтің (гид-аудармашының), экскурсоводтың және туризм нұсқаушының қызметінің басталғаны туралы хабарламаның, туристік қызмет көрсету және туроператор қалыптастырған туристік өнімді іске асыру шарттарының, екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының, әрбір туристік өнімнен ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының, туристті міндетті сақтандыру шартының жоқтығы, сонымен қатар туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына саяхаттың ерекшеліктері туралы берілетін мәлімет бойынша растаудың бар болуы;";

      көрсетілген Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес, туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттарында:

      "Туристік оператор үшін" деген бөлімде:

      "1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді)" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы, реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "

10

Туристті міндетті сақтандыру шартының болуы

өрескел 

  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы мынадай мазмұндағы, реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "

10

Туристті міндетті сақтандыру шартының болуы





  ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады