"Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 24 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 18481 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17674 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес "Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттарда:

      реттік нөмірлері 4 пен 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын, жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманы тарату

елеусіз

5.

Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын телесауданы тарату

елеусіз

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9-1 мен 9-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

9-1.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың (телерадио хабарларын тарату арналары бойынша хабарлардың) жиынтық көлемінен кем қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың (телерадио хабарларын тарату арналары бойынша хабарлардың) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі

елеулі

9-2.

Басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайын уақыт аралығындағы қазақ тіліндегі көлемі

елеулі

      ";

      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторларының шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда жарнаманы тарату

өрескел

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45-жолдармен толықтырылсын:

      "

34.

Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын тарату

елеулі

35.

Радиодағы жарнаманы қоспағанда, тиісті тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ лицензиялауға жататын жарнама берушінің өзінің жарнамасын лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсетілмей тарату

елеулі

36.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату

елеулі

37.

Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату

елеулі

38.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану

елеулі

39.

Хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы жиырма пайыздан асатын тәулігіне жарнаманы таратудың жалпы көлемінде жарнаманы тарату

елеулі

40.

Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығумен тарату

елеусіз

41.

Әлеуметтік жарнаманың Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі емес таратылуы

елеусіз

42.

Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерін көрнекі немесе дыбыстық пайдалану

елеулі

43.

Демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан астам ұзақтықты еске ала отырып, әлеуметтік жарнаманың телебағдарламаларында тарату және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден асатын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен асатын пайызы бөлінуге тиіс

елеусіз

44.

Жарнамаларды трансляциялау кезінде дыбысты арттыру

елеулі

45.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату

елеусіз

      ";

      Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес "Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттарда:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

      "

9.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

      ";

      Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірлері 4 пен 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын, жарнама сипаттындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





5.

Жарнама сипатындағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын телесауданы таратпау бойынша талаптың сақталуы





      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8-1 мен 8-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

8-1.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың (телерадио хабарларын тарату арналары бойынша хабарлардың) жиынтық көлемінен кем болмайтын қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың (телерадио хабарларын тарату арналары бойынша хабарлардың) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі бойынша талаптың сақталуы





8-2.

Басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмайтын қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақыт нөл сағаттан бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайын уақыт аралықтарындағы көлемі бойынша талаптың сақталуы





      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42-жолдармен толықтырылсын:

      "

31.

Қазақстан Республикасының заңнамасында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын таратпау бойынша талаптың сақталуы





32.

Радиодағы жарнаманы қоспағанда, тиісті тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ лицензиялауға жататын жарнама берушінің өзінің жарнамасын лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсете отырып, тарату бойынша талаптың сақталуы





33.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





34.

Бейәдеп және жасырын жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





35.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы





36.

Хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы жиырма пайыздан асатын тәулігіне жарнаманы таратудың жалпы көлемінде жарнаманы тарату бойынша талаптың сақталуы





37.

Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығумен тарату бойынша талаптың сақталуы





38.

Әлеуметтік жарнаманың Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі тарату бойынша талаптың сақталуы





39.

Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерін көрнекі немесе дыбыстық пайдалануды таратпау жөніндегі талаптың сақталуы





40.

Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайтын талаптың сақталуы





41.

Трансляцияланатын бағдарламаның дыбысы дауыстап жарнамаларды трансляциялау кезінде дыбысты көтермеу бойынша талаптың сақталуы





42.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтылмай, әлеуметтік жарнамаларды тарату бойынша талаптың сақталуы





      ";

      Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Қазақстан Телерадио хабарларын тарату операторлары Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы





      ".

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады