Байланыс формасы

"Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 18599 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиулы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

      қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы18 сәуірдегі
№ 105 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 495 бұйрығымен
бекітілді

"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:

      лицензияны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес төленеді:

      1) туристік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) Лицензияны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес;

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанында не екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлеу шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақыты аяқталған кезде көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензия алуға өтініші немесе 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші, электронды құжат түрінде;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде;

      Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші немесе 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші, электронды құжат түрінде;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпаратты мемлекетік ақпараттық жүйесінде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензиядағы қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның келісімі туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде.

      Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі:

      Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы;

      лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      өтініш берушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 "Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;

      өтініш берушіге қатысты туроператорлық қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың қарызгер – көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

      осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау;

      көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сай келмеуі (бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);

      егер бұрын лицензия лицензиат заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде басқа заңды тұлғаға рәсімделсе (бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде).

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау шағымды қабылдаушы адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде оны тіркеу болып табылады.

      Шағымда мыналар:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін).

      Шағымның шығыс нөмірі және күні көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады.

      Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы "жеке кабинетінен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уакілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің mks.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 04 86, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды
тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі (оның ішінде шетелдік
заңды тұлға),
____________________________
филиалдың немесе шетел заңды
тұлғасының
____________________________
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру
нөмірі – егер бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда

Заңды тұлғаның лицензия алуға өтініші

      _________________________________________________________ жүзеге асыру үшін

                        (қызмет түрінің атауын көрсету)

      лицензия беруіңізді сұраймын

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің

      атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________

      Телефон___________________________________________________________________

      Факс______________________________________________________________________

      Банк шоты________________________________________________________________

                              (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жай) нөмірі

      Қоса беріледі___________парақ.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;

      лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:

      _______ _________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
____________________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі
Жеке тұлғаның лицензия алуға
өтініші
____________________________
____________________________
жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын

      Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________

      Телефон___________________________________________________________________

      Факс______________________________________________________________________

      Банк шоты_________________________________________________________________

                              (шот нөмірі, банк атауы және тұрған жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы,

      үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Қоса беріледі___________парақ.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;

      лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:

      _______ ____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет)
жүзеге асыруға лицензия
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Қалыптастырылған туристік өнім:

      1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік

      қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттың

      нөмірі ________________;

      2) шарт жасалған күні _______________________________________;

      2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде

      бір қызметкердің болуы;

      1) мамандығы мен біліктілігі ________________________________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары білімі

      туралы дипломның нөмірі ___________________________________________;

      3) дипломның берілген күні __________________________________;

      4) оқу орнының атауы ________________________________________;

      5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі _____________;

      3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі кеңсеге

      арналған үй-жай __________________________________________________.

      (кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні)

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды
тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі (оның ішінде шетелдік
заңды тұлға),
____________________________
филиалдың немесе шетел заңды
тұлғасының өкілдігінің
____________________________
  бизнес сәйкестендіру нөмірі –
егер бизнес сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда)

Заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші

  ____________________________
____________________________
______________________
(лицензия нөмірі, берілген күні,
лицензия берген лицензиардың
атауы)
____________________________
____________________________
жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауы)

      20___ жылғы "___" _____ берілген № _______ лицензияны қайта рәсімдеуіңізді сұраймын.

      Мынадай негіздеме(лер) бойынша (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):

      1) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34–тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліну ____

      бөлу ____

      2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________________;

      3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі ___________________________;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы

      талаптың болуы____________________________________________________________;

      5) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________________;

      Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ел-шетелдік заңды тұлға үшін, пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің

      атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі).

      Электрондық пошта_________________________________________________________

      Телефон___________________________________________________________________

      Факс______________________________________________________________________

      Банктік шот________________________________________________________________

                              (шот нөмірі, банктің атауы және тұрған жері)

      Қоса беруледі ____________ парақ.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілген қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;

      лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:

      _______ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  "Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
____________________________
________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі

Жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші

      __________________________________________________________________________

                              (қызмет түрінің атауы)

      жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны

      __________________________________________________________________________

      (лицензия нөмері, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз)

      қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:

      1) дара тұлға-көрсетілетін алушының _______ тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі;

      2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның

      атауының өзгеруі _______;

      3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның

      заңды мекен-жайының өзгеруі _________;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы

      талаптардың болуы _________;

      5) қызмет түрінің атауының өзгеруі _________.

      Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы ___________________________________

                        (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/

                        ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефон __________________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

                        (шот нөмері, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қосымша _____ бетте.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;

      лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:

      _______ _______________________________________

      (қолы) (тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады