"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18948 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларында:

      1 тарауның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2 тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібі";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. ӘК-нің жаңа түріне қайта даярлау, сертификатталған оның ішінде уәкілетті ұйым мойындаған шетелдік авиациялық оқу орталықтарында да жүргізіледі;";

      51-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ӘКК үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен Авиакомпанияның (пайдаланушының) ӘК-нің типі бойынша ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға (бұдан әрі - ҰЖЖН) сәйкес бекітілген нұсқаушымен бірге қатарға енгізу бағдарламасының 50%-дан кем емес көлемде ұшу жаттығуы, ал екінші ұшқыштар үшін - әуеайлақтық немесе өндірістік жағдайларда кемінде бес ұшу көлемінде жаттығу;";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ұшуды талдау бөлінеді:

      1) экипаждағы ұшудан кейінгі талдау әрбір ұшудан кейін, авиациялық жұмыстарда ұшу күні аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

      2) пайдаланушының басшылық құрамымен талдау апта сайын жүргізіледі;

      3) пайдаланушының құрылымдық бөлімшелерінде талдау айына бір реттен кем емес жүргізіледі;

      4) авиациялық оқиғалардың (уақиғалардың) жағдайлары мен себептерін жедел зерттеу және олардың қайталануының алдын алудың нақты іс-шараларын дайындау мақсатында ұшуды жоспардан тыс талдау;

      5) бөлімшенің ұшу-нұсқаушы құрамының әдістемелік даярлығын арттыру мақсатында ұшуды әдістемелік талдау.

      Жоспардан тыс және әдістемелік (көрсетімдік) талдаулар бөлімше басшысының немесе жоғары тұрған басшының не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша жүргізіледі.".

      82-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқу-әдістемелік ұйымдар мен авиациялық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылын анық үйлестіруді қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады