Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18978 болып тіркелді.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардын:

      1) "Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) "Казахстанская правда", 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған);

      2) "Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 15 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9780 болып тіркелген, "Әділет" Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған). Күштері жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 1 шілдедегі
№ 18978 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) бірыңғай үйлестіру орталығы-арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

      5) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі.

2-тарау. Бірыңғай тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Бірыңғай тізілімге Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары енгізіледі.

      4. Бірыңғай тізілімді бірыңғай үйлестіру орталығы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.

      5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығына және Мемлекеттік кірістер органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді.

      6. Бірыңғай үйлестіру орталығы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді.

      7. Бірыңғай тізілімді жүргізу:

      1) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары туралы мәліметтерді енгізу (қосу) ;

      2) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту).

      8. Индустриялық аймақтар туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі туындаған кезде орын алады:

      1) арнайы экономикалық аймақ атауының өзгеруі;

      2) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының атауын өзгерту;

      3) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орналасқан жерінің өзгеруі;

      9. Бірыңғай тізілімде қамтылған ақпарат Бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.

  Арнайы экономикалық аймақ
қатысушыларының бірыңғай
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімі


р/с
Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның толық атауы Заңды тұлғаның қысқартылған атауы Заңды тұлғаның фирмалық атауы (бар болса) Заңды мекенжайы СТН (БСН) Аумағында АЭА қатысушысы қызметін жүзеге асыратын АЭА атауы
1 2 3 4 5 6 7

      Кестенің жалғасы

АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шартқа сәйкес АЭА қатысушысы жүзеге асыратын жобаның атауы АЭА қатысушылары тізіліміне тұлғаны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы немесе тұлғаны АЭА қатысушысы мәртебесінен айыру туралы жазба енгізу күні АЭА резиденті (қатысушысы) ретінде тұлғаны тіркеуді жүзеге асырған органның атауы АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі
8 9 10 11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады