Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 162/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19061 болып тіркелді.

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 162/НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мына анықтамалар қолданылады:

      1) жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері - жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілеріне жатады:

      ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименталды ғарыштық зерттеулер базасы;

      ғарыш қызметін қамтамасыз етуге арналған ғарыш техникасы мен ғарыш зымыран кешендері өндірісінің құралдары;

      ғарыш айлақтары;

      ғарыш объектілерін жерүсті басқару кешендері;

      ғарыштық объектілерден ақпаратты қабылдау үшін нысаналы жерүсті кешендері, оны өңдеу және тарату.

      2) жерүсті ғарыш инфрақұрылымы күзет аймақтары - аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет шектелетін немесе тыйым салынатын шегінде зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарын қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген жер учаскелері.

2-тарау. Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасындағы жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары Қазақстан Республикасының жер заңнамасы мен Заңына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтарға жатады.

      4. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары:

      1) ғарыштық зерттеулердің ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базалары;

      2) ғарыш қызметін қамтамасыз етуге арналған ғарыш техникасы мен ғарыш зымыран кешендері өндірісінің құралдары;

      3) ғарыш айлақтары;

      4) ғарыш объектілерін жерүсті басқару кешендері;

      5) ғарыштық объектілерден ақпарат қабылдауға, оны өңдеуге және таратуға арналған жерүсті мақсаттық кешендері үшін белгіленеді.

      Ғарыштық зерттеулердің ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік база объектілері үшін объектінің периметрі бойынша кем дегенде 2 метр қашықтықтағы жер учаскелері түрінде белгіленеді.

      Ғарыш қызметін қамтамасыз етуге арналған ғарыш техникасы мен ғарыш зымыран кешендері өндірісінің құралдары бойынша жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілеріне периметрі бойынша кем дегенде 300 метр қашықтықтағы жер учаскелері түрінде белгіленеді.

      Ғарыш айлақтары үшін объектінің периметрі бойынша кем дегенде 10 километр қашықтықтағы жер учаскелері түрінде белгіленеді.

      Ғарыш объектілерін жерүсті басқару кешендері объектінің периметрі бойынша кем дегенде 100 метр қашықтықтағы жер учаскелері түрінде белгіленеді.

      Ғарыштық объектілерден ақпарат қабылдауға, оны өңдеуге және таратуға арналған жерүсті мақсаттық кешендері үшін объектінің периметрі бойынша кем дегенде 300 метр қашықтықтағы жер учаскелері түрінде белгіленеді.

      5. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы күзет аймақтарын осы қағидалардың талаптарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерінің иелерінен және жерді пайдаланушылардан алусыз белгілейді.

      6. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, филиалдар және заңды тұлғалардың өкілдері жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің бұзылуын болдырмау, сонымен қатар күзет аймақтарында жұмыс жүргізу тәртібі туралы өз қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша шаралар қабылдайды.

      7. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарында ғимараттар мен құрылыстар салуға жол берілмейді. Күзет аймақтарының орналасуы және шекаралары ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жобаларда көзделеді, және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.

      8. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарындағы автомобиль және теміржол жолақтарын автомобиль және теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар автомобиль және теміржол саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдармен келісу арқылы қолданылады.

      9. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарында орналасқан жерлерді жайылымдарға, бау-бақша учаскелеріне және басқа ауылшаруашылықтық мақсаттарға берген кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін жер учаскесінің құқығы туралы құжаттарға ерекше шарттары бар аймақтарда учаскелердің бар екені туралы белгі қойылады.

      10. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары белгіленген жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланудан шығарған кезде оларды пайдаланатын ұйымдар жерлерді шаруашылық айналымына тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету және кейін оларды пайдаланудың ерекше шарттары бар деген белгісіз тиісті қажеттіліктерге беру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға хабарлама жібереді.

      11. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері өтетін жерлерде объектілер салу үшін жер учаскелерін бөлген кезде тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдармен жер учаскелерін таңдау актілерін келіседі. Жер учаскелерін таңдау актілерін келісуді жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдар 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      12. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары аумағында уақытша объектілерді (киоскілер, жарнамалық қалқандар, аялдамалар) орналастыру да осылай 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдармен келісіледі.

      13. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарында жер қазу жұмыстарын жүргізетін құрылыс ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары, меншік нысанына қарамастан, өз қызметкерлерімен күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарымен қоса жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің зақымдануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

      14. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары аумағында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын тиісті ұйымның өкілінің жазбаша келісімінсіз және қатысуынсыз:

      1) құрылыс, жөндеу және жару жұмыстарының кез-келген түрін жүргізуге;

      2) күзет аймақтарында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің зақымдануы мүмкін (шұңқыр қазу, ағаштар отырғызу, дала қостарын орналастыру, мал ұстау, материалдарды, жемді және тыңайтқыштарды жинау, атыс орындарын орналастыру) жобасыз жұмыстарды жүргізуге сондай-ақ от жағуға;

      3) пикниктер, автокөліктің, тракторлардың және механизмдердің өтпе жолдары мен тұрақтарын, тосқауылдарды және басқа кедергілерді, жолдардан уақытша түсіп кетулерді, жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы объектілерінің қасынан тіреулердегі аспалы сымның биіктігімен бірдей және одан да асып түсетін ірі ауқымды жүктерді алып өтуге, каналдар (арықтар) қазуға, жеке үйлерді инженерлік желілерге (су құбырына, жылу желісіне) қосу үшін шұңқырлар қазуға;

      4) электромагниттік сәуле шашатын және жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы объектілеріне қауіпті әсер ететін электр энергиясын беру желілерін, радиостанцияларды салуды және қайта құруды жүргізуге;

      5) уақытша объектілерді (киоскілер, жарнамалық қалқандар, аялдамалар) орналастыруды жүргізуге;

      6) пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалануға жол берілмейді.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге келісім алу үшін, жеке және заңды тұлғалар жазбаша түрде жүгінеді.

      16. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдар келіп түскен өтініштерді қарайды және өтініштер түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде объектіні қарауды жүргізеді және жұмыстарды жүргізудің техникалық мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      17. Жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы объектілерін пайдаланатын ұйымдардың арнаулы белгілерден басқа күзет аймағының көлемдері, мекенжайлары (елді мекеннің атауы) және ғарыштық инфрақұрылым объектісін пайдаланатын ұйымның телефон нөмірі (қара түспен) көрсетілген, ашық түспен боялған мөлшері 1000х600 миллиметр "Ғарыштық инфрақұрылым объектісінің күзет аймағы" деген жазуы бар металдан жасалған тікбұрышты ескерту белгісін орнатады. Белгі бағанда жер бетінен 1,7 метр биіктікте орнатылады.

      18. Жеке және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан, атқару сызбаларында ғарыш инфрақұрылымы объектілерімен қиылысатын және жақындасатын жерасты коммуникацияларының (су-, жылу-, энергия-, газ-тарату желілерінің) барлығын немесе жоқтығын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісуді қамтамасыз етеді.

      19. Қарамағында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері бар ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) арасындағы уәждер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

Об утверждении Правил установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 162/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2019 года № 19061.

      В соответствии с подпунктом 16-2) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан.

      2. Аэрокосмическому комитету Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
цифрового развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 12 июля 2019 года
№ 162/НҚ

Правила установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16-2) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" (далее – Закон) и определяет порядок установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие определения:

      1) объекты наземной космической инфраструктуры – к объектам наземной космической инфраструктуры относятся:

      научно-технологическая и опытно-экспериментальная база космических исследований;

      средства производства космической техники и космических ракетных комплексов, предназначенных для обеспечения космической деятельности;

      космодромы;

      наземные комплексы управления космическими объектами;

      наземные целевые комплексы для приема информации от космических объектов, ее обработки и распространения.

      2) охранные зоны наземной космической инфраструктуры - земельные участки, отведенные в целях обеспечения сохранности и безопасной эксплуатации объектов наземной космической инфраструктуры, за исключением районов падения отделяющихся частей ракет-носителей, в пределах которых ограничивается или запрещается деятельность, несовместимая с целями установления зон.

Глава 2. Порядок установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан

      3. Охранные зоны объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан, согласно земельному законодательству Республики Казахстан и Закону, относятся к зонам с особыми условиями пользования землей.

      4. Охранные зоны объектов наземной космической инфраструктуры устанавливаются для:

      1) научно-технологических и опытно-экспериментальных баз космических исследований;

      2) средства производства космической техники и космических ракетных комплексов, предназначенных для обеспечения космической деятельности;

      3) космодромов;

      4) наземных комплексов управления космическими объектами;

      5) наземных целевых комплексов приема информации от космических объектов, ее обработки и распространения.

      Для объектов научно-технологических и опытно-экспериментальных баз космических исследований устанавливаются в виде участков земли на расстоянии не менее чем на 2 метра по периметру объекта.

      Для объектов наземной космической инфраструктуры по средствам производства космической техники и космических ракетных комплексов, предназначенных для обеспечения космической деятельности, устанавливаются в виде участков земли на расстоянии не менее чем на 300 метров по периметру объекта.

      Для космодромов устанавливаются в виде участков земли на расстоянии не менее 10 километров по периметру объекта.

      Для объектов наземных комплексов управления космическими объектами устанавливаются в виде участков земли на расстоянии 100 метров по периметру объекта.

      Для объектов наземных целевых комплексов приема информации от космических объектов, ее обработки и распространения, устанавливаются в виде участков земли на расстоянии не менее 300 метров по периметру объекта.

      5. Охранные зоны наземной космической инфраструктуры устанавливаются местными исполнительными органами, с учетом требований настоящих Правил, без изъятия земельных участков у собственников земельных участков и землепользователей.

      6. Физические и юридические лица, в том числе государственные органы, филиалы и представительства юридических лиц, принимают меры по недопущению повреждения объектов наземной космической инфраструктуры, включая проведение разъяснительной работы среди своих работников о порядке осуществления работ в охранных зонах.

      7. В охранных зонах объектов наземной космической инфраструктуры не допускается возведение зданий и сооружений. Расположение и границы охранных зон предусматриваются в проектах на строительство зданий и сооружений, и согласовывается с местными исполнительными органами Республики Казахстан.

      8. Охранные зоны объектов наземной космической инфраструктуры в полосе отвода автомобильных и железных дорог используются физическими и юридическими лицами, осуществляющими деятельность в сфере автомобильного и железнодорожного транспорта, по согласованию с уполномоченными органами в области автомобильных и железных дорог, а также с организациями, эксплуатирующими объекты наземной космической инфраструктуры.

      9. При предоставлении земель, расположенных в охранных зонах объектов наземной космической инфраструктуры, под сельскохозяйственные угодья, огородные и садовые участки и для других сельскохозяйственных целей, в выдаваемых документах о праве на земельный участок уполномоченным органом по земельным отношениям делается отметка о наличии на участках зон с особыми условиями использования.

      10. В случае вывода из эксплуатации объектов наземной космической инфраструктуры, по которым установлены охранные зоны объектов наземной космической инфраструктуры, организациями их эксплуатирующими направляется уведомление в уполномоченный орган по земельным отношениям для обеспечения возможности вовлечения земель в хозяйственный оборот и последующего их предоставления для соответствующих нужд без отметок с особыми условиями использования.

      11. При отводе земельных участков для строительства объектов, по которым проходят объекты наземной космической инфраструктуры, заказчики согласовывают акты выбора земельного участка с организациями, эксплуатирующими объекты наземной космической инфраструктуры в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан. Согласование акта выбора земельных участков осуществляется организациями, эксплуатирующими объекты наземной космической инфраструктуры в срок не более 10 (десять) рабочих дней.

      12. Размещение временных объектов в пределах охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры (киоски, рекламные щиты, остановки) также согласовывается с организациями, эксплуатирующими соответствующие объекты наземной космической инфраструктуры в срок не более 10 (десять) рабочих дней.

      13. Руководители строительных и других организаций, производящих земляные работы в охранных зонах объектов наземной космической инфраструктуры, независимо от формы собственности, принимают меры по недопущению повреждения объектов наземной космической инфраструктуры, включая проведение разъяснительной работы среди своих работников о порядке осуществления работ в охранных зонах.

      14. В пределах охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры без письменного согласия и присутствия представителя соответствующей организации, эксплуатирующей объекты наземной космической инфраструктуры не допускается:

      1) осуществлять любые виды строительные, монтажные и взрывные работы;

      2) производить работы, которые выполняются в охранных зонах без проекта, и при производстве которых могут быть повреждены объекты наземной космической инфраструктуры (рытье ям, посадка деревьев, расположение полевых станов, содержание скота, складирование материалов, кормов и удобрений, устройство стрельбищ), а также жечь костры;

      3) устраивать пикники, проезды и стоянки автотранспорта, тракторов и механизмов, заграждения и другие препятствия, временные съезды с дорог, провозить крупногабаритные грузы вблизи объектов наземной космической инфраструктуры габариты которых равны или превышают высоту подвески проводов на опорах, строить каналы (арыки), производить рытье траншей для подключения индивидуальных домов (строений) к инженерным сетям (водопроводу, теплосети);

      4) производить строительство и реконструкцию линий электропередач, радиостанций и других объектов, излучающих электромагнитную энергию и оказывающих опасное воздействие на объекты наземной космической инфраструктуры;

      5) осуществлять размещение временных объектов (киоски, рекламные щиты, остановки);

      6) использование беспилотных летательных аппаратов.

      15. Для получения согласия на производство работ, указанных в пункте 14 настоящих Правил, физические или юридические лица обращаются в письменном порядке.

      16. Организации, эксплуатирующие объекты наземной космической инфраструктуры, рассматривают поступившие обращения, и в срок не более 5 (пять) рабочих дней после поступления обращения производят осмотр объекта и дают заключение о технической возможности или невозможности производства работ.

      17. Организации, эксплуатирующие объекты наземной космической инфраструктуры, устанавливают предупредительные знаки "Охранная зона объекта космической инфраструктуры" с указанием размеров охранной зоны, адреса (названия населенного пункта) и номера телефона (черным цветом) организации, эксплуатирующей объект космической инфраструктуры. Знак устанавливается на столбе на высоте 1,7 метра над поверхностью земли и представляет собой окрашенный в светлый тон металлический прямоугольник размером 1000х600 миллиметров.

      18. Физические и юридические лица, независимо от форм собственности юридических лиц, согласовывают с местными уполномоченными органами по земельным отношениям, архитектуры, градостроительства и строительства наличие или отсутствие подземных коммуникаций (водо-, тепло-, энерго-, газо-распределительных сетей) на исполнительных чертежах в местах пересечения и сближения с объектами космической инфраструктуры.

      19. Споры между организациями, в ведении которых находятся объекты наземной космической инфраструктуры, и физическими и юридическими лицами (их филиалами и представительствами), решаются в судебном порядке, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.