Байланыс формасы

Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 131 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 тамызда № 19260 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар белгіленсін:

      1) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген Халықаралық қор биржалары тізімінде еркін айналыстағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары;

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;

      қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары;

      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) шетел валютасында номинирленген, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары;

      2) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;

      3) банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алады;

      4) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың банктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнының мөлшері банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерін құрайды.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 тамыздағы
№ 131 қаулысына
1-қосымша

Халықаралық қор биржаларының тізімі

      1. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange).

      2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG).

      3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ).

      4. Америка қор биржасы (American Stock Exchange).

      5. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam).

      6. "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX).

      7. Афина қор биржасы (Athens Exchange).

      8. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE).

      9. Бразилия қор биржасы (Bovespa).

      10. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels).

      11. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange).

      12. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing).

      13. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange).

      14. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange).

      15. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange).

      16. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges).

      17. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA).

      18. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa).

      19. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange).

      20. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.).

      21. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).

      22. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange).

      23. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg).

      24. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia).

      25. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange).

      26. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV).

      27. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal).

      28. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG).

      29. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange).

      30. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).

      31. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange).

      32. Осло қор биржасы (Oslo bourse).

      33. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris).

      34. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС).

      35. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange).

      36. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange).

      37. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange).

      38. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange).

      39. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange).

      40. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange).

      41. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited).

      42. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange).

      43. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange).

      44. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange).

      45. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange).

      46. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 тамыздағы
№ 131 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8357 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 маусымда "Заң газеті" газетінде № 82 (2283) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12338 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.

      6. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады