"Ресурстар – Пайдалану" және "Шығындар – Шығарылым" кестелерін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 1 қазандағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қазанда № 19443 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Ресурстар – Пайдалану" және "Шығындар – Шығарылым" кестелерін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Статистика комитеті
төрағасының
2019 жылғы 1 қазандағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілді

"Ресурстар – Пайдалану" және "Шығындар – Шығарылым" кестелерін құру бойынша әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ресурстар-Пайдалану" және "Шығындар-Шығарылым" кестелерін құру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) халықаралық стандарттарға сәйкес "Ресурстар-Пайдалану" және "Шығындар-Шығарылым" кестелерін қалыптастыру кезінде қолданады және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін пайдаланылады.

      3. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қауымдастықтың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік банкі дайындаған 2008 жылғы ҰШЖ нұсқаулары пайдаланылды.

2-тарау. "Ресурстар-Пайдалану" кестелерін сатып алушының бағасында қалыптасыру

      4. "Ресурстар – Пайдалану" кестелері (әрі қарай- РПК) экономикадағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын, олардың пайдаланылуын, қосылған құнның құрылуын сипаттайтын және "Шығындар– Шығарылым" кестелерін (әрі қарай- ШШК) құру үшін негіз болып табылатын Ұлттық шоттар жүйесінің интеграцияланған құрылымның негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. РПК –ны құру мақсаттары үшін халықаралық практикада қолданылатын және ұлттық экономикада қабылданған тұжырымдамалар, анықтамалар мен статистикалық бірліктердің, қызмет түрлерінің, өнімдердің жіктеу жүйесі пайдаланылады.

      5. РПК экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша кәсіпорындарды зерттеу, үй шаруашылықтарының шығыстарын зерттеу, инвестицияларға шолу жасау, сыртқы сауда статистикасы, қаржы сатистикасы, мемлекеттік бюджет статистикасы сияқты дереккөздерден алынған тауарлар және көрсетілетін қызметтер ағындары туралы деректердің келісілу негізін қамтамасыз етеді.

      6. РПК құрылымына өзара байланысқан екі кесте кіреді – ресурстар кестесі және пайдалану кестесі, олардың жалпы құрылымы осы Әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген.

      7. Осы кестелерді қалыптастырудың негізгі қағидаты ресурстардың жалпы саны егер өлшем бірдей бағада жүзеге асырылатын болса, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың жалпы көлеміне тең болудан тұрады:

Шығарылым

+

импорт

=

аралық тұтыну

+

түпкілікті тұтыну

+

жинақтау

+

экспорт

      8. Ресурстар кестесіндегі сала бойынша өнімнің жиынтық шығарылымы пайдалану кестесіндегі шығындар мөлшеріне (жалпы қосылған құнның компоненттерін қоса алғанда) теңестіріледі. Бұл баланстық теңдестік ретінде қарастырылады:

      аралық тұтыну

      + қосылған құн

      = өнімдер шығарылымы

      өндіретін бірліктер (салалар) тобының әрқайсысы үшін сақталады.

      9. Қазақстан Республикасының РПК төмендегілерді қамтиды:

      "Негізгі бағалардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ресурстары, сатып алушылардың бағаларына өту" кестесі;

      "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушылардың бағаларында пайдалану" кестесі;

      "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді негізгі бағаларда пайдалану" кестесі;

      көлік үстеме бағалары кестесі;

      сауда үстеме бағалары кестесі;

      өнімдерге салынатын таза салықтар кестесі;

      импорттық өнімді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) пайдалану кестесі;

      отандық өнімді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) негізгі бағаларда пайдалану кестесі.

1-параграф. Тауарлар және пайдалану көрсетілетін қызметтердің ресурстар кестесін қалыптастыру

      10. Ресурстар кестесінде негізгі бағалардағы әртүрлі өнімдердің әрбір саламен шығарылған құны және негізгі бағалардағы әрі сатып алушылар бағаларындағы әрбір өнім ресурстарының жалпы көлемі көрсетіледі.

      11. Экономиканың ресурстары ел аумағында өндірілетін өнімнің шығарылымынан және импорттан құралады. Тауарлар және көрсетілетін қызметтер шығарылымы негізгі бағаларда бағаланады. Экономика салаларындағы отандық өнімнің шығарылымын қалыптастыру үшін жасырылған және бейресми экономиканың көлемін есептегендегі негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша өнім шығарылымының көлемі бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың ресми статистикалық ақпараты, сондай-ақ негізгі және қосалқы қызмет түрлері бөлінісіндегі өнімдер шығарылымы туралы ҚР ҰЭМ СК құрылымдық статистиканың жиынтық деректері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) ресми статистикалық ақпараты және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Қаржымині) әкімшілік деректері негізгі дереккөз болып табылады.

      12. Импорт ресурстар кестесінің бір бөлігі ретінде көрсетілген. Тауарлар импорты ҚР ҰБ төлем балансының деректері және өзара сауда туралы ҚР ҰЭМ СК ресми статистикалық деректермен толықтырылатын ҚР Қаржыминінің кеден статистикасының импорты бойынша деректер негізінде қалыптастырылады.

      13. ҚР ҰБ ұсынатын "Кеңейтілген жіктелім бойынша халықаралық көрсетілетін қызметтер балансы" көрсетілетін қызметтер импорты бойынша ақпарат көзі болып табылады.

      14. Ресурстар кестесіне түзетуші баптар: сауда және көлік үстеме бағалары және сатып алушының бағасында ресурстарды бағалау үшін өнімге салынатын субсидияларды шегергендегі өнімге салынатын салықтар қосылады.

      15. Сауда үстеме бағалары әрбір тауар үшін есептеленеді. Сауда қызметіне қатысты жолда теріс таңбамен үстеме бағаның толық шамасын өтейтін жазба жасалады. Көлік үстеме бағасы үшін жазба осыған ұқсас түрде жасалады. Осы Әдістемеге 2-қосымшада ресурстар құнындағы сауда және көлік үстеме бағаларын көрсету жазбасына мысал келтірілген.

      16. Салықтар және өнімдерге субсидиялар бойынша деректер ҚР Қаржымині ұсынатын салық түсімдері бойынша мемлекеттік бюджет деректерінің негізінде толтырылады.

2-параграф. Тауарлар және көрсетілетін қызметтерді пайдалану кестесін қалыптастыру

      17. Пайдалану кестесін қалыптастыру үш квадрантты құру жолымен жүзеге асырылады, жоғарғы сол жақ квадрант – аралық тұтыну, жоғарғы оң жақ квадрант - түпкілікті пайдалану және төменгі сол жақ квадрант – жалпы қосылған құн.

      18. Аралық тұтынуды қалыптастыру кезінде өндіріс процессінде тұтынылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге кәсіпорындардың шығыстары бойынша ҚР ҰЭМ СК құрылымдық стастистиканың жалпымемлекеттік статистикалық байқауының деректері, ҚР ҰБ ресми статистикалық ақпараты және ҚР Қаржыминінің шығындар туралы әкімшілік деректері пайдаланылады.

      19. Түпкілікті пайдалану квадранты сатып алушылар бағасында қалыптастырылады және келесі компоненттерден тұрады:

      түпкілікті тұтынуға шығыстар;

      жалпы жинақтау;

      тауарлар мен көрсетілген қызметтер экспорты.

      20. Түпкілікті тұтынуға шығыстар үй шаруашылықтарының, мемлекеттік басқару органдарының және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ары қарай – ҮШҚКЕҰ) шығыстарын қамтиды.

      21. Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстары үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге жұмсаған шығыстарынан тұрады. Үй шаруашылықтарының тұтынуын есептеу үшін бастапқы ақпарат ретінде ҚР ҰЭМ СК бөлшек сауда туралы деректерімен және ҚР ҰЭМ СК халық қаражаты есебінен көрсетілген қызметтер туралы деректерімен толықтырылатын үй шаруашылықтарын зерттеу есептеріндегі деректер пайдаланылады.

      22. РПК-де ҚР ҰБ төлем балансының "Сапарлар" бабы деректері негізінде қалыптастыратын резиденттер шетелде жүзеге асыратын тікелей сатып алулар және ішкі нарықтағы резидент еместер жүзеге асыратын тікелей сатып алуларды көрсету үшін түзету жолдары қарастырылған.

      23. Мемлекеттік басқару секторының және ҮШҚКЕҰ секторының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, тегін немесе төмен бағалар бойынша тиесінше басқа секторлар бірліктеріне ұсынылатын институционалдық сектор бірліктерінің тауарлар мен қызметтер көрсетуге шығыстарын қамтиды. Мемлекеттік басқарудың түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары ҚР Қаржымині беретін мемлекеттік бюджет деректері негізінде калыптасады.

      24. Жалпы жинақтау мынадай баптардан тұрады: негізгі капиталды жалпы жинақтау, материалдық айналымдық құрал-жабдық қорларының өзгеруі, құндылықтарды олардың істен шығуын есептемей сатып алу.

      25. Негізгі капиталды жалпы жинақтау (НКЖЖ) мөлшері есепті кезеңде өндірушілер сатып алған (өткізілгендерді есептемегенде) негізгі қорлардың жалпы құнына институционалдық бірліктердің өндірістік қызметі нәтижесінде туындаған өндірістік емес активтер құнының кейбір ұлғаюы қоса бағаланады. НКЖЖ есептеуге арналған бастапқы ақпарат құрылыс және негізгі қорлар статистикасы бойынша ҚР ҰЭМ СК деректері болып табылады.

      26. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгерісі материалдардын аяқталмаған өндіріс пен тауарлардың өсімін (төмендеуін) қамтиды. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі ҚР ҰЭМ СК құрылымдық статистика деректерінің негізінде қалыптасады.

      27. Тауарлар экспорты материалдық құндылықтардың ұлттық қорларын төмендетеді. ҚР ҰБ төлем балансының деректері және өзара сауда туралы ҚР ҰЭМ СК ресми статистикалық деректерімен толықтырылған ҚР Қаржыминінің кедендік статистистикасының экспорты бойынша деректер ақпараттық дереккөзі болып табылады.

      28. Қызметтер экспорты бойынша ақпараттың дереккөзі ҚР ҰБ ұсынатын "Кеңейтілген жіктелім бойынша халықаралық қызметтер балансы" болып табылады.

      29. Жалпы қосылған құн квадранты жұмыскерлердің еңбекақы төлем; өндіріске және импортқа субсидияларды шегеруден салықтар, негізгі капиталды тұтыну; таза аралас кіріс және таза табыс және оған теңестірілген кірістерден тұрады.

      30. Жалпы қосылған құн компоненттерінің үшінші квадрантын қалыптастырудың дереккөзі табыстар әдісімен есептелетін жалпы ішкі өнім деректерінің құрылымы болып табылады.

3-тарау. "Ресурстар – Пайдалану" кестелерін теңгеру

      31. Ресурстар кестелеріне және пайдалану кестелеріне барлық бастапқы деректер қойылғаннан кейін, осы Әдістемедегі 7-тармақта және 8-тармақта көрсетілген баланстық теңдік орындалмайды. Ресурстар және тауарлар бойынша бөліністе пайдалану деректеріндегі алшақтықтар әртүрлі ақпарат көздерінен келіп түскен деректердің келіспеушіліктерінің нәтижесі болып табылады.

      32. Теңгеру рәсімі пайдалану кестесін түзету есебінен жүргізілуі мүмкін: аралық тұтыну, үй шаруашылықтарын түпкілікті тұтынуы, НКЖЖ және "материалдық айналым құрал-жабдықтары қорларының өзгеруі" бағаны.

      33. Ресурстар кестесімен пайдалану кестесін теңгеру нәтижесінде осы Әдістеменің 7 және 8-тармағында көрсетілген әрбір өнім немесе саламен қатар тұтастай экономика үшін де теңдік қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Ресурстар – Пайдалану" кестелерін негізгі бағаларда қалыптастыру

      34. Негізгі бағаларда РПК сатып алушылардың бағасындағы пайдалану матрицасынан бағалау матрицалары алынады. Бұл бағалау матрицалары келесі тәртіпте қалыптасады:

      қосылған құнға салынатын теоретикалық салық матрицасы

      сауда үстеме бағалары матрицасы

      көлік үстеме бағалары матрицасы;

      өнімдерге субсидиялар матрицасы;

      өнімдерге салынатын өзге де салықтар матрицасы.

      35. Теоретикалық ҚҚС матрицалары келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы, VAT РПК-дағы ҚҚС


– сатып алушылардың бағаларындағы пайдалану;

– мөлшерлеме;

      s – азайтылмайтын ҚҚС бар пайдаланудың көлем үлесі.

      36. Сауда үстеме бағаларын есептеу формуласы:



      мұндағы, VAT – РПК-дағы ҚҚС;

      TRM – РПК-дағы сауда үстеме бағасы;


– сауда үстеме бағасының мөлшерлемесі;

– сатып алушылардың бағаларындағы пайдалану.

      37. Көлік үстеме бағасын есептеу формуласы:



      мұндағы , VAT – РПК-дағы ҚҚС;

      TRM – РПК-дағы сауда үстеме бағасы;

      TM – РПК-дағы көлік үстеме бағасы;


– көлік үстеме бағасының мөлшерлемесі;

– сатып алушылардың бағаларындағы пайдалану.

      38. Негізгі бағалардағы пайдалану кестесі импорттық және отандық өнімдерді пайдалануға бөлшектенеді.

      39. Экономика салаларындағы импорттық өнімдерді пайдалану кестесін қалыптасу үшін ақпарат дереккөзі жоқ болғандықтан, көрсетілген кесте негізгі бағалардағы пайдалану құрылымы бойынша кестенің ресурстық бөлігіндегі сиф бағасындагы (негізгі бағалардағы) импорт векторын пропорционалды үлестіру жолымен табылады. Отандық өнімді пайдалану кестесі негізгі бағалардағы пайдалану матрицасы мен импорт өнімін пайдалану матрицасын шегерумен есептеледі.

5-тарау. "Шығындар – Шығарылым" симметриялық кестелерін қалыптастыру

      40. Симметриялық ШШК құру үшін ресурстар және пайдалану кестелері бастапқы негізі болып табылады.

      41. ШШК "өнімге өнім" болып құрастырылады, мұндағы пайдалану кестесінің түпкілікті сұраныс квадранты өзгеріссіз болып қалады. Ол өнімдердің топтары бойынша сұранысты көрсетеді. Аралық тұтынуға және қосылған құнға қатысты кестенің бөліктеріне салалар бойынша деректерден өнім топтары бойынша деректерге өту үшін өзгерістер енгізіледі. Осы Әдістемеге 3-қосымшада ШШК-нің классикалық схемасы келтірілген.

      42. Симметриялық ШШК екі әдісті қолданумен қалыптасады:

      Саладағы өндіріс технологиясы туралы болжам негізінде, оған сәйкес әрбір салада өзіне тән сол саланың өнім құрамына тәуелсіз өндіріс құралдары бар.

      Өнімнің өндіріс технологиясы туралы болжам негізінде, оған сәйкес әрбір өнім өндіретін саласына қарамастан өзіне тән әдіспен жасалады.

      43. ШШК трансформация матрицасының формуласын пайдалана отырып, салада өндіріс технологиясы туралы болжам негізіндегі әдіспен қалыптасады:



      мұндағы, V – негізгі бағалардағы шығарылым матрицасы (өнімдер салаға),


– диагональды матрица.

      Таза салалар бойынша аралық тұтынуды есептеу формуласы:



      мұндағы, U – негізгі бағалардағы аралық тұтыну матрицасы (өнім салаға),

      S – негізгі бағалардағы аралық тұтынудың симметриялық матрицасы (өнім өнімге).

      Осыған ұқсас жолмен біз қосылған құн матрицасын табамыз:



      мұндағы, Y – қосылған құн матрицасы (салалар бойынша компонент).

      44. ШШК трансформация матрицасының формуласын пайдалана отырып өнімнің өндіріс технологиясы туралы болжам негізіндегі әдісімен қалыптасады:



      мұндағы,

– негізгі бағалардағы өнім векторы

      Аралық тұтынуды және жалпы қосылған құн компонентерін таза салалар бойынша есептеу формуласы:



      45. Талдамалық мақсаттарда ШШК деректері бойынша негізгі бағаларда есептелетін тікелей және толық шығындардың коэффициенттері айрықша мәнге ие болады.

      46. ШШК өндіріске шығындар мен өнім шығарылымы арасындағы желілік тәуелділікті бейнелейді. Бұл байланыс тікелей шығындар коэффициенттері арқылы көрсетіледі. Тікелей шығындар коэффициенттері аралық тұтыну шамасын әрбір "таза" саланың шығарылымына бөлу жолымен есептеледі.

      47. Тікелей шығындар коэффициенттерімен қатар салааралық байланыстарды зерделеу және болжауды жетілдіру үшін толық шығындар коэффициенттері пайдаланады. Толық шығындар коэффициенттері жиынтық түпкілікті сұраныстың бірлігіне тікелей ғана емес, сонымен қатар жанама шығындарды да есепке алуға мүмкіндік береді.

      48. Толық шығындар коэффициенттері мынадай формула арқылы есептеледі:

      Ктш = (Б – А)-1,

      мұндағы, Ктш – толық шығындар коэффициенттері;

      Е – бірлікті матрица;

      А – тікелей шығындар коэффициенттерінің матрицасы.

  "Ресурстар –Пайдалану" және
"Шығындар-Шығарылым"
кестелерін құру бойынша
әдістемеге
1-қосымша

Ресурстар кестесі

Өнімдер ресурстары

Салалар

Импорт

Негізгі бағалардағы ресурстар

Сауда және көлік үстеме бағалары

Өнімдерге салынатын таза салықтар

Сатып алушылар дың бағаларын дағы ресурстар

Өнімдер – тауарлар, көрсетілген қызметтер

Негізгі бағалардағы өнімдер мен салалар бойынша шығарылым

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша

Барлығы өнімдер бойынша

Барлығы







Пайдалану кестесі

Өнімдерді пайдалану

Салалар

Түпкілікті тұтыну

Сатып алушының бағаларындағы барлық өнімді пайдалану

Түпкілікті тұтыну

Жалпы жинақтау

Экспорт

Өнімдер – тауарлар, көрсетілген қызметтер

Өнімдер мен салалар бойынша аралық тұтыну

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша

өнімдер бойынша жиыны

Барлығы

салалар бойынша

түпкілікті тұтынудың санаттары бойынша

Негізгі бағалардағы ЖҚҚ

салалар бойынша

Еңбекке ақы төлеу

салалар бойынша жалпы қосылған құн компоненттері

Өндіріске басқа салықтар

Негізгі капиталды тұтыну

Таза табыс, таза аралас кіріс

Негізгі бағалардағы шығарылым

салалар бойынша

  "Ресурстар –Пайдалану" және
"Шығындар-Шығарылым"
кестелерін құру бойынша
әдістемеге
2-қосымша

Сауда және көлік үстем бағаларын ресурстар құнында көрсету үшін жазу мысалы

Өнімнің атауы

Сауда және көлік үстеме бағалары

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнімдері, (0)

2

Кендер және минералдар, электр, газ және су (1)

2

Өңдеуші өнеркәсіптің өнімдері (2-4)

74

Құрылыс объектілері және құрылыс қызметтері (5)

0

Сауда қызметтері, орналастыру бойынша қызметтер және қоғамдық тамақтандыру қызметтері, көлік қызметтері (6)

-78

Қаржылық және сақтандыру қызметтері (7 алу 72-73)

0

Риэлторлардың қызметтер, лизинг және операторсыз жалдау бойынша қызметтер (72-73)

0

Іскерлік қызметтер (8)

0

Білім беру, денсаулық сақтау қызметтері және әлеуметтік қызметтер (92-93)

0

Өзге қызметтердің түрлері (94-99)

0

Мемлекеттік басқару қызметтері және жалпы алғанда қоғамға көрсетілетін басқа да қызметтер (91)

0

Барлығы

0

  "Ресурстар –Пайдалану" және
"Шығындар-Шығарылым"
кестелерін құру бойынша
әдістемеге
3-қосымша

ШШК классикалық схемасы

Пайдалану

Аралық тұтыну

Түпкілікті пайдалану

Барлық пайдаланылғаны

1

N

Аралық тұтыну

1

a11x1

a1nxn

y1

x1

n

an1x1

annxn

yn

xn

ЖІӨ

Жалпы қосылған құн

z1

zn



Өнімге салынатын таза салықтар

t1

tn



Импорт

k1

kn



Ресурстардың барлығы

x1

xn




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады