"Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 315/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қарашада № 19650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

      22-тармақта:

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

      "32) электрондық цифрлық қолтаңбаны (SIM-карта үшін) қолдау функциясымен абоненттің сәйкестендіру картасы бар болған кезде, абонентті таңдау бойынша ұсынады.";

      28-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жазбаша немесе ауызша (ауызша өтініш білдірген сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша өтініш бере отырып), оны пайдалануды бұғаттау мақсатында ұялы байланыс операторына абоненттік құрылғының немесе абоненттің сәйкестендіру кодының бүлінгендігі (жойылғандығы), жоғалғандығы (ұрланғандығы) туралы хабарлауы қажет. Күдікті жағдайда, ұялы байланыс операторы абоненттің сәйкестендіру картасының мәліметтеріне абоненттің құқықтарын растайтын қосымша мәліметтер сұрастырады. Ұялы байланыс операторы абоненттің жоғалған сәйкестендіру картасын бұғаттау сәтіне дейін, абонент ұялы байланыс қызметтеріне төлем бойынша барлық міндеттемелерді өз мойнына алады;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) электрондық цифрлық қолтаңбаны (SIM-карта үшін) қолдау функциясымен абоненттің сәйкестендіру картасы бар болған кезде, өз таңдауы бойынша ұялы байланыс операторынан алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Жумагалиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады