"Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 және "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19765 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 12 (482) "Официальная газета" газетінде және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы бұйрығының;

      2) "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8341 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазандағы № 222 (28172) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының сауда
және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады