Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 шілдедегі № 6С 32/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 шілдеде № 7279 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 8С 9/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      көпбалалы отбасыларға;

      көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына;

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлеріне;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған жұмысшылар мен қызметшілеріне;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вирусы) аурулармен ауыратын тұлғаларға;

      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы.";

      9-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтың 4 және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, арыз бойынша, он бес есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;";

      9-тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына, қалалық жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүруге - жол билеттері, тоқсан сайын.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады