Бұланды ауданы Алтынды ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Даниловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 7161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 05 қазандағы қорытындысы негізінде, Даниловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданы Алтынды ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Шахтовая және Заводская көшелері Бөгенбай батыр көшесіне;

      2) Клубная және Советская көшелері Бейбітшілік көшесіне;

      3) Куйбышева және Садовая көшелері Қабанбай батыр көшесіне;

      4) Октябрьская, Урицкая және Базарная көшелері Тәуелсіздік көшесіне;

      5) Ворошилов және Береговая көшелері Достық көшесіне;

      6) Озерная және Макинская көшелері Абай көшесіне;

      7) Степная көшесі Тұрсынбек Кәкішев көшесіне;

      8) Крайняя көшесі Амангелді Иманов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Даниловка ауылдық
округінің әкімі
М.Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады