Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № а-11/298 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 7498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Кварц құмын барлауға іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Біржан сал ауданы Краснофлот ауылының әкімшілік шекарасында орналасқан "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 119,0 гектар жер учаскелерін алып қоймастан 1 (бір) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Кварц құмын барлауға іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары К.Д. Шәймерденовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады