Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Донской ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қарашада № 7499 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Донской ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Донской ауылдық округінің Андықожа батыр ауылы және Тасшалқар ауылы елді мекендерінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 5,6268 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж.Аубакиров

  Донской ауылдық округі әкімінің
2019 жылғы " 14 " қарашадағы
№ 1 шешіміне қосымша

Талщықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Донской ауылдық округінің Андықожа батыр ауылы және Тасшалқар ауылы елді мекендерінің жерлерінде белгіленген жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік барлығы (гектар)

Шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

басқалар

1

Андықожа батыр ауылы

2,0280

елді мекендердің жері



1,1820

0,846

2

Тасшалқар ауылы

3,5988

елді мекендердің жері



2,1030

1,4958

барлығы

5,6268




3,2850

2,3418


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады