Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 100 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 наурызда № 5990 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 10.04.2020 № 127 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі Н. Алдияров

  Алға ауданының әкімдігінің 6 наурыз 2019 ж. № 100 қаулысымен бекітілді

Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/

Балабақша

Балабақша

Балабақша

қалалық жерде орналасқан

1

"Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Еркетай" Алға бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

320

18871

450

2

"Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

120

21667

450

3

"Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Гүлдер" Алға балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

60

34027

450

4

"Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №4 "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

280

19778

450

5

"ҚасиетАБИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

19354

450

6

"НұрБалаБи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

161

19354

450

ауылдық жерде орналасқан

7

"Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз-ай" Тамды бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

20528

400

8

"Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

180

17866

400

9

"Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Маржанбұлақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

85

17204

400

10

"Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айналайын" "Тоқмансай балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

50

23583

400

11

"Еркебұлан- Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

19354

400

12

"Тәтті бала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20

19354

400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады