Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 98 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6121 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 4023, 2014 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шериязданов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Байғанин аудандық аумақтық

      сайлау комиссияның төрағасы

      ___________ Қ. Аққожа

      "___" _________ 2019 жыл

  Байғанин аудандық әкімдігінің
  2019 жылғы 30 сәуірдегі
  № 98 қаулысына қосымша
  Байғанин аудандық әкімдігінің
  2014 жылғы 29 тамыздағы
  № 204 қаулысымен бекітілген

Сайлау өткізу кезеңінде үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

Ауылдық округтер, елдi мекендер атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Саны

Қарауылкелдi ауылдық округi

1

Қарауылкелдi ауылы

Қазақтелеком Акционерлік қоғамы "Байғанин желілік техникалық учаскесі" ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд, Қонаев көшесі, № 18

1

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы ақпараттық стенді, Барақ батыр көшесі, № 54

1

2

Көкбұлақ ауылы

Көкбұлақ ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенді, Сартөбе көшесі, № 23

1

3

Қосарал ауылы

"Қосарал негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағындағы стенді, Болашақ көшесі, № 13

1

Жаңажол ауылдық округi

4

Оймауыт ауылы

"Сағи Жиенбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Білім көшесі, № 13.

1

Жарқамыс ауылдық округi

5

Жарқамыс ауылы

"Жарқамыс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Бәйгетөбе көшесі, № 17

1

6

Ақтам ауылы

(Бұрынғы Ақтам бастауыш мектебi) ғимаратының алдындағы стенді, Жағалау көшесі, № 2

1

7

Қаражар ауылы

"Қаражар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Орталық көшесі, № 2 а

1

Қопа ауылдық округi

8

Ебейтi ауылы

"Қопа орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Жағалау көшесі, № 2

1

9

Қопа ауылы

Қопа ауылдық кітапханасы ғимаратының алдындағы стенді, Ақтан көшесі, № 42

1

10

Айрық ауылы

"С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Айрық көшесі, № 4/2

1

11

Көптоғай ауылы

(Бұрынғы Көптоғай бастауыш мектебі) ғимаратының алдындағы стенді, Көптоғай көшесі, № 2

1

Ащы ауылдық округi

12

Ноғайты ауылы

"Сағыз орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Жағалау көшесі, № 11

1

Сартоғай ауылдық округi

13

Алтай батыр ауылы

Алтай модельді ауыл кітапханасы ғимаратының алдындағы стенді, Бұлақ көшесі, № 30

1

14

Баршақұм ауылы

Баршақұм ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенді, Жағалау көшесі № 40

1

15

Шұқырши ауылы

Шұқырши медициналық пункті ғимараты алдындағы стенді, Сарыөзек көшесі, № 1

1

Көлтабан ауылдық округi

16

Қораши ауылы

"Қарабұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Қарабұлақ көшесі, № 12

1

17

Жарлы ауылы

Орталық базар ғимаратының алдындағы стенді, Ардагерлер көшесі, № 5

1

18

Жыңғылдытоғай ауылы

Жыңғылдытоғай медициналық пункті ғимаратының алдындағы стенді, Наркеткен көшесі, № 5

1

Қызылбұлақ ауылдық округi

19

Кемерши ауылы

"Қ.Жазықов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Орталық көшесі, № 35 б

1

20

Бұлақтыкөл ауылы

"Бұлақтыкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенді, Соркөл көшесі, № 3

1

21

Жаңатаң ауылы

Жаңатаң ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенді, Қаратас көшесі, № 11

1

Миялы ауылдық округi

22

Миялы ауылы

Миялы ауылдық клубы ғимараты алдындағы стенді, Жем көшесі, № 19

1

23

Дияр ауылы

Дияр медициналық пункті ғимаратының алдындағы стенді, Мектеп көшесі, № 5

1


БАРЛЫҒЫ


23


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады