Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Қаратөбе" кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 тамызда № 6366 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 25.08.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы отырысының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 3 хаттамасы негiзiнде, халықтың тыныс-тіршілігін және төтенше жағдайды таралу ауқымына қарай жоюды қамтамасыз ету мақсатында, Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Қаратөбе" кен орыны аумағында қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына байланысты, объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж. Жаңабай тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.

      3. Байғанин ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 19 "Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қыркүйекте "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Утаров

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения "Каратобе" Жаркамысского сельского округа Байганинского района

Решение акима Байганинского района Актюбинской области от 20 августа 2019 года № 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 20 августа 2019 года № 6366

      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции на русском языке, текст на казахском языке не меняется решением акима Байганинского района Актюбинской области от 25.08.2020 № 11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" и на основании протокола заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате Байганинского района от 12 августа 2019 года № 3, в целях обеспечения жизнедеятельности населения, ликвидации чрезвычайной ситуаций в зависимости от масштаба распространения, аким Байганинского района РЕШИЛ:

      1. В связи с неблагоприятной экологической ситуацией объявить чрезвычайную ситуацию природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения "Каратобе" Жаркамысского сельского округа Байганинского района.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Байганинского района Ж.Жанабай и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Признать утратившим силу решения акима Байганинского района от 11 сентября 2018 года № 19 "Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера на территории Байганинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-4-181, опубликованное 20 сентября 2018 года в газете "Жем-Сағыз").

      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Байганинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях.

      5. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      6. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района К. Утаров