Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 "Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 178 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 6179 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 "Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5773 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Кобландинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 178 қаулысына қосымша
  Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 474 қаулысына қосымша

Мұғалжар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Мұғалжар ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Мұғалжар аудандық ПБ* бастығы ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Мұғалжар аудандық ПБ* жүргiзіледі.

      8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД* шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

      * ПБ – Полиция бөлімі

      * ПД – Полиция департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады