Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 191 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 6238 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 28.01.2021 № 23 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4-тармағы 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы және ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 "Мұғалжар ауданы бойынша жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 464 "Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 "Мұғалжар ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Қобландинге жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы "31" мамырдағы
  қаулысына қосымша

Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Қандыағаш қаласы

"Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Самал" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

320

25 253

400

2

Қандыағаш қаласы

"Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

320

25 253

400

3

Қандыағаш қаласы

"Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

330

25 253

400

4

Қандыағаш қаласы

"Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жансая" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

25 253

400

5

Ембі қаласы

"Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Достық" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

120

32 500

400

6

Ембі қаласы

"Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

100

29 620

400

7

Жем қаласы

"Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

120

29 620

400

8

Сағашилі ауылы

"Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Дана" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

29 420

400

9

Ақкемер ауылы

"Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Әділ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

37 936

400

10

Мұғалжар ауылы

"Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбекжай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

90

41 323

400

11

Жұрын ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәуле" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

35 500

400

12

Қаракөл ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

64 500

400

13

Талдысай ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

50 000

400

14

Қайыңды ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шапағат" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

34 166

400

15

Құмсай ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек"бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

68 500

400

16

Бірлік ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

43 340

400

17

Егіндібұлақ ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

68 500

400

18

Жағабұлақ ауылы

"Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Балауса" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

43 340

400

19

Саға ауылы

"Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Мөлдір" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

34 166

400

20

Алтынды ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

58

34 166

400

21

Көтібар батыр ауылы

"Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

25

43 340

400

22

Қандыағаш қаласы

"Нұршуақбөбекжайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

29 620

400

23

Қандыағаш қаласы

"НУР БАЛА БИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қандыағаш қаласындағы филиалы

100

29 620

400

24

Қандыағаш қаласы

"Амалия А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

29 620

400

25

Қандыағаш қаласы

"Бақытты бала" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

29 620

400

26

Ембі қаласы

"НУР ДАНА ГС+" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

29 620

400

27

Ембі қаласы

"Нур-Малика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

29 620

400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады