Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 292 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 наурызда № 6002 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Хромтау аудандық маслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының сессия төрайымы Ж. Камбаров
      Аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мулдашев

  Хромтау аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 13 наурыздағы
  № 292 шешіміне қосымша

Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:

      1) Хромтау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4934 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 118 "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5506 тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 04 қаңтардағы № 279 Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 19 "Хромтау ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-201 тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады