Жаскент ауылдық округінің Головацкий ауылындағы көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы 18 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 21 мамырда № 5137 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Жаскент ауылдық округінің Головацкий ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округінің Головацкий ауылындағы көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Сырым батыр", екінші көшеге "Ырысты", үшінші көшеге "Әйтеке би", төртінші көшеге "Махмұд Қашқари", бесінші көшеге "Майқы би", алтыншы көшеге "Бейбарыс сұлтан", жетінші көшеге "Қарасай батыр";

      2) солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан сегізінші көшеге "Қайрат Рысқұлбеков, тоғызыншы көшеге "Мұқағали Мақатаев", оныншы көшеге "Сәкен Сейфуллин";

      3) батыс бөлігінде орналасқан он бірінші көшеге "Құрманғазы", он үшінші көшеге "Мұхтар Әуезов", он төртінші көшеге "Қорқыт ата", он бесінші көшеге "Біржан сал", он алтыншы көшеге "Ақан сері";

      4) оңтүстік бөлігінде орналасқан он екінші көшеге "Балуан Шолақ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Округ әкімі С. Бакетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады