Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 4352 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеудің тізілімiнде № 11434 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихатының
      сессия төрайымы Г. Тлеубердиева
      Облыстық мәслихатының
      хатшысы Б. Қарашолақов

      "Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы "26" қыркүйектегі № 38-9 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Шу-Талас

      бассейндік инспекциясы басшысының

      міндетін атқарушы

      __________________ Г. Имашева

      "____" ____________ 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

      комитеті Жамбыл облысының

      тауарлар мен көрсетілетін

      қызметтердің сапасы мен

      қауіпсіздігін бақылау

      департаментінің басшысы

      ___________________ Б. Жарқынбеков

      "____" ____________ 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Жамбыл облысы бойынша

      экология департаментінің басшысы

      ___________________ Б. Қалымбетов

      "____" ____________ 2019 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2019 жылғы "26" қыркүйек
№ 38-9 шешіміне қосымша

Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары

      1. Осы Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38 бабының 1) тармақшасына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11434 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Жамбыл облысының әкімдігі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып белгілейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 29.07.2022 № 19-6 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105 бабының 3 тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      11. Жамбыл облыстық маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

      11-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған "Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген), "Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 178 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 болып тіркелген) бекітілген жерлерді есепке алмағанда, Жамбыл облысының аумағында орналасқан су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында шомылуға тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бұйрығының 10 тармағына сәйкес шағын көлемді кемелермен жүзу кезінде:

      1) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;

      2) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 10 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға жол берілмейді.

      Ескерту. Шешім 11-1-тармақпен толықтырылды- Жамбыл облыстық мәслихатының 05.10.2023 №7-6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.

      13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Жамбыл облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67 бабының 3 тармағына және 68 бабының 4 тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Жамбыл облыстық мәслихатының ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      Жамбыл облыстық мәслихат мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      Су пайдаланушы жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады