Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 4523 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 4478 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 1428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 24.04.2020 № 1428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының әкімі А. Карабалаев

  Тараз қаласының әкімі
2019 жылғы 27 желтоқсаны
№ 4523

Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Атауы

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар дың саны

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Жекеменшік мектептер

"АЗИЯ" жекеменшік арнайы комплекс-мектебі" мекемесі

100

16558

21242

24646

"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені

522

37766

42450

0

"R-плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "А-status" мектеп гимназия-балабақша" кешені

215

16558

21242

0

"Cәби-Жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

160

16558

0

0

"Балалар білім орталығы "Эрудит" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

16558

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады