РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 119 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу үшін жекеменшік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай уақытша жер пайдалану құқығына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұсаев |
Мойынқұм аудан әкімдігінің 2019 жылғы ____№____ қаулысына қосымша |
Талшықты – оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері
№ | Жер пайдаланушылардың атауы | Жалпы көлемі (гектар) | Оның ішінде | |||
Жайылым (гектар) | Шабындық (гектар) | Бөгде жер (гектар) | Құрылыс асты (гектар) | |||
1. | Қарабөгет ауылдық округі | 5,7063 | 5,7063 | - | - | - |
2. | "ҚазСуШар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны | 0,0172 | - | - | - | 0,0172 |
3. | Орман қоры | 0,6236 | 0,6236 | - | - | - |
4. | Қызылтал ауылдық округі | 1,624 | 1,624 | - | - | - |
5. | Қарабөгет ауылдық округі | 4,7472 | 4,7472 | - | - | - |
6. | Қылышбай ауылдық округі | 1,4452 | 1,4452 | - | - | - |
7. | "ҚазСуШар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны | 0,0192 | - | - | 0,0192 | - |
8. | Орман қоры | 8,4236 | 8,4236 | - | - | - |
9. | Биназар ауылдық округі | 1,0088 | 1,0088 | - | - | - |
10. | Қылышбай ауылдық округі | 3,4815 | 3,4815 | - | - | - |
11. | Мойынқұм ауылдық округі | 4 | 4 | - | - | - |
12. | "ҚазСуШар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны | 0,04 | - | - | 0,04 | - |
13. | "Кулпыбаев" шаруа қожалығы | 0,028 | 0,028 | - | - | - |
14. | Кенес ауылдық округі | 0,9204 | - | - | 0,9204 | - |
15. | "Есильбаев" шаруа қожалығы | 0,0172 | 0,0172 | - | - | - |
16. | "ҚазСуШар" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны | 0,008 | - | - | 0,008 | - |