Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 460 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қазанда № 4348 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыныңа сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "АБК-Автодор НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Шу ауданының босалқы жерлерінен Республикалық маңызы бар "Мерке-Бурылбайтал" автомобиль жолын Шу қаласын айналып өту жер учаскесін күрделі жөндеу объектісінде айналма жол мен трасса бойындағы белдеуге қызмет көрсету үшін қосымшаларға сәйкес 20,1748 гектар жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығына 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "АБК-Автодор НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыларына қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және жер қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулының туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Балқыбеков Әлихан Әбіләшұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Айтаков

  Шу ауданы әкімдігінің
"___"________ 2019жылғы
қаулысына қосымша

Жамбыл облысы Шу ауданы аумағынан "АБК-Автодор НС" ЖШС-не "Меркі-Бурылбайтал" көлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары аясында жол құрылысына қызмет көрсететін нысандарға қызмет көрсету үшін шектеулі нысаналы пайдалану (сервитут) құқығын беретін жерлердің экспликациясы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде

Егістік

Көп жылдық
екпе (гектар)

Жайылым (гектар)

Шабындық (гектар)

Барлық ауыл шаруашылық алқаптары (гектар)

Бөгде жерлер (гектар)

Суармалы (гектар)

Тәлімді (гектар)

1


4

5

6

7

8

9

10

11

1

Алға ауылдық округі жерінен

4,9182




4,9182


4,9182


2

Төле би ауылының жерінен

5,1051




5,1051


5,1051


3

Балуан Шолақ ауылдық округі жерінен

2,6433

0,5896



2,0537


2,6433


4

Дулат ауылдық округі жерінен

4,9561




4,5391


4,5391

0,4170

5

Қорағаты ауылдық округі жерінен

2,5521




2,5521


2,5521


Барлығы:

20,1748

0,5896



19,1682


19,7578

0,4170


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады