Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 04/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қаңтарда № 5166 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А.Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысының
әкімідігінің 2019 жылғы " "
№ қаулысына
Қосымша

Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері құратын комиссиялар қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Қарағанды облысы полиция департаментінің полиция басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары енгізеді.

      4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қарағанды облысы полиция департаментінің полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының бұйрықтары көтермелеу төлеу үшін негіздеме болып табылады, көтермелеу үшін комиссия қабылдаған шешім негіздеме болып табылады..

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Қарағанды облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады