2019 жылға арналған Қаражал қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 37 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 5210 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған Қаражал қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Т. Досаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің
  201__ жылғы "___"________
  № ___ қаулысына қосымша

2019 жылға арналған Қаражал қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленушіге есептегенде ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1

Балабақша

550

2-3 жас-6000 теңге
3-6 жас-7000 теңге

19125 теңге

2

Мектепке дейінгі шағын орталық

300

3-5 жас-7000 теңге

17525 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады