Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 23/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 5380 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 09/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 21.02.2024 № 09/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушыларымен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

      3. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 07/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3018 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурыздағы № 11 "Абай Ақиқат" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қазанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Д. Нуржубалинаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

  Абай ауданы әкімдігінің
___________ № _____
қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушыларымен кездесу үшін үй-жайлар

Елді мекен атауы

Үй-жайлар

1.

Абай қаласы

Музыка мектебінің актілік залы

2.

Абай қаласының Вольный бөлімшесі

№ 4 орта мектебінің сынып бөлмесі

3.

Абай қаласының Қараған бөлімшесі

Қараған орта мектебінің сынып бөлмесі

4.

Абай қаласының Қызыл бөлімшесі

№ 8 негізгі мектебінің сынып бөлмесі

5.

Ақбастау ауылдық округі

Ауылдық клуб

6.

Есенгелді ауылдық округі

Ауылдық клуб

7.

Дубовка ауылы

Ауылдық клуб

8.

Қарабас кенті

Мәдениет үйінің көрермендер залы

9.

Қарағанды ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы

10.

Көксу ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы

11.

Құлаайғыр ауылдық округі

Ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залы

12.

Құрма ауылдық округі

Құрма орта мектебінің сынып бөлмесі

13.

Мичурин ауылдық округі

Ауылдық клуб

14.

Сәрепті ауылы

Ауылдық клуб

15.

Самарка ауылдық округі

Ауылдық клуб

16.

Топар кенті

"Энергетик" мәдениет үйі

17.

Южный кенті

Мәдениет үйінің шағын залы

18.

Юбилейный ауылы

"Мерей" мектеп бала-бақша кешенінің актілік залы

  Абай ауданы әкімдігінің
___________ № _____
қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Абай қаласы

Жеңіс даңғылы бойынша 1а үй, пошта байланысы аудандық торабының жанында, Гете көшесі бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарманың жанында

2.

Абай қаласының Вольный бөлімшесі

Труд көшесі 34 үй, "Шурик" дүкенінің жанында

3.

Абай қаласының Қараған бөлімшесі

Нуринская көшесі 8, "Надежда" дүкенінің жанында

4.

Абай қаласының Қызыл бөлімшесі

Молин көшесі, 37 үйдің жанында

5.

Ақбастау ауылдық округі

Орталық көшесі 1 үй, ауылдық мәдениет үйінің жанында

6.

Есенгелді ауылдық округі

Орталық көшесі 20, "Мечта" дүкенінің жанында

7.

Дубовка ауылы

Юбилейная көшесі, "Волынский" АӨК аялдамасы жанында

8.

Қарабас кенті

Киров көшесі 16 үй, Қазпошта бөлімінің жанында

9.

Қарағанды ауылдық округі

Комаров орталық көшесі, "Тумба" сауда алаңында

10.

Көксу ауылдық округі

Орталық көшесі 19 үй, фельдшерлік-акушерлік пункті жанында

11.

Құлаайғыр ауылдық округі

Шерубай батыр көшесі 1а үй, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанында

12.

Құрма ауылдық округі

Қазақстанның 50 жылдығы және Спасск көшелерінің қиылысында

13.

Мичурин ауылдық округі

Орталық көшесі 3, "Катюша" дүкенінің жанында

14.

Сәрепті ауылы

Трудовая көшесі, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанында

15.

Самарка ауылдық округі

Орталық көшесі, "Алина" дүкенінің жанында, Изумрудный ауылында, Изумрудный бастауыш мектебінің жанында

16.

Топар кенті

Пономарев көшесі 13 үй, Қазпошта бөлімінің жанында, орталық аудандық аурухана әкімшілігінің корпусы жанында

17.

Южный кенті

Панфилов көшесі, "Айнур" дүкенінің жанында

18.

Юбилейный ауылы

Мичурина көшесі 12 үй, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады