Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 30/02 "Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 51/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 5397 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" №264 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №30/02 "Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 16 мамырында, "Жаңаарқа" аудандық газетінің 2016 жылы 21 мамырында №24 (9754) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуандықұлы Серіковке жүктелсін.

      3. Осы қаулы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ю. Бекқожин

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2019 жылғы " __ " _______
№_____ қаулысына
қосымша
  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№30/02 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орыңдар

№ р/с

Елді мекенінің атауы

Орналасқан орны

1.

Атасу кенті

Тәуелсіздік даңғылы, 30 А, аудандық байланыс торабы ғимаратының алдындағы алаң

2.

Атасу кенті

Абай 31 көшесіндегі алаң

3.

Атасу кенті

Абай көшесі, 36, Тәуелсіздік саябағының алаңы

4.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 13, "Мәдени сауық орталығы" ғимаратының алдындағы алаң

5.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы 20, "Микроқаржы ұйымы" ғимаратының алдындағы алаң

6.

Атасу кенті

Ш.Уалиханов көшесі, 18Б, жеке кәсіпкер "Ж.Жумабаев" монша ғимаратының алдындағы алаң

7.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 15а, орталық алаң

8.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 61, теміржол вокзалы ғимаратының алдындағы алаң

9.

Атасу кенті

С.Сейфуллин даңғылы, 22, "Сұлтан" тойханасының алдындағы автотұрақ алаңы

10.

Қызылжар кенті

Даулетбеков көшесі, 14, вокзалдың алдындағы алаң

11.

Ақтүбек ауылы

Байтерек 14 көшесіндегі алаң

12.

Айнабұлақ ауылы

Достық көшесі, 11 ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

13.

Ақтау ауылы

Достық 8 көшесіндегі алаң

14.

Атасу ауылы

Тәуелсіздік көшесі, 5, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

15.

Талдыбұлақ ауылы

Тәуелсіздік 2 көшесіндегі алаң

16.

Бидайық ауылы

Орталық 3 көшесіндегі алаң

17.

Ералиев ауылы

Орталық көшесі, 13, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

18.

М.Жұмажанов атындағы ауылы

Сейфуллин 7 көшесіндегі алаң

19.

Ынталы ауылы

Тәуелсіздік көшесі, 2 орталық саябақтың алаңы

20.

Түгіскен ауылы

Ы.Жұмабеков көшесі, 48, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

21.

Ынтымақ ауылы

Саябақ көшесі, 15, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

22.

Орынбай ауылы

Мектеп көшесі, 7, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады